«Ауыл мектебі» жобасы аясында тәжірибе тарату

2023 жылғы 27-ші қаңтарда Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауыл мектебі» жобасының І кезеңі аясында №1 Марқакөл орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері тағылымдамадан өтті. Тағылымдама шымылдығы зияткер оқушылардың «Секіртпе» күйін домбырада жаппай ойнауымен ашылды. Шараның жоспарына сәйкес, күннің бірінші жартысында орта мектеп ұжымы NIS мұғалімдері өткізген сабақтарға, шеберлік сағаттарға қатысты. Қонақтар жаратылыстану-математика және […]


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына тіркелді

  Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанды Гиннесс рекордтар кітабына енгізді 2022 жылдың мамыр айында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді. Онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды. NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге […]


Виртуалды мектеп моделін құрастыру: басқаруда оңтайлы шешімдер қабылдаудың маңызы

Өскемен қаласы NIS мектебінде «Білім беру ұйымын басқару» – мәскеулік ЕdСrunch академиясы мен NIS Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттыру мақсатымен жаңа цифрлық өнім негізінде оқыту семинары өтуде. Шараға қала және аудандардан келген 70-тен аса мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысуда. Аталмыш симулятор – бірегей платформа. Оған 1600 стратегиялық шешімдер енгізілген, яғни мектептің басқару командасы қабылдаған […]


Abstract Art: қиялыңа ерік бер

  Change концептісі аясында «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы математика, технология және дизайн пәндерінің апталығында «Abstract Art» сайысы өтті. Өнер пәні мұғалімдері Альмира Рысбеккызы Даниярова, Марат Саккоевич Кашкимбаев, Кайрат Бисапанович Куранбаев ұйымдастырған шараға 8-ші сыныптардан 5 команда қатысты. Ойын төрт кезеңнен тұрды. 1-ші тапсырманың шарты бойынша, әр командаға уақытқа әйгілі абстракционизм бағытының іргесін қалаушыларының картиналары репродукцияларын жинау […]


«Ұлы дала ақындары» жобасы: «Өр мінез, сырлы сезім, жауһар жыр»

Фариза Оңғарсынованың шығармаларын насихаттауға арналған әдеби-музыкалық кеш шымылдығы ақынның балалық шағын, жастық шағын және кемелденген шағын көрсететін көріністермен ашылды. Бұл бейнелерді ашуға мектептің оқушылары мен педагог-кураторлары Толқын Қуандықова мен Ляззат Карменова ат салысты. Бұдан соң, кеш жүргізушілері ортаға шығып, Фариза апамыздың өмірі мен жазған туындылары жайлы ақпарат ұсына отырып, көрермендерді ақын өлеңдерің оқитын өнерпаздармен таныстырып […]


«100 күйдің тарихы» жобасы: мектепте алғаш рет жетіген аспабында күй ойналды

2022 жылғы 23-ші қарашада Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «100 күйдің тарихы» жобасы аясында Ағайынды Абдуллиндер музыкалық училищесінің «Жетіген» аспабының оқытушысы Гүлайым Талаптанованың қатысуымен «Күй тілімен сөйлеген…» музыкалық-танымдық кеш өтті. Кеш қонағымен оқушылар сұхбат жүргізіп, өмірі мен шығармашылығы, жетіген аспабының шығу тарихы мен ерекшелігі жайлы әңгіме өрбітті. Бұдан соң Гүлайым ханым «Жетіген» аспабында мектеп сахнасында […]


Жас ұстаз: табысқа апарар жол

2022 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жас педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында бір күндік аймақтық Форумын өткізді. Шараға Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарынан барлығы 150  жас педагог қатысты. Іс-шара барысында жас педагогтер үшін […]


«Өскемен-2022» волейболдан аймақтық желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

Спартакиаданың жабылу салтанатында Өскемен қаласының өнерпаздары жеңімпаздарға арнаған мерекелік бағдарламаларын ұсынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Заң департаментінің аға менеджері Қанат Құсаев құттықтау сөз алып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы мен спортшылардың керемет дайындықтарын баса айтты. Тартысты ойын нәтижесінде ұлдар командалары арасында: 1 орынға – Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы NIS командасы, 2 орынға – […]


Зияткерлердің спорт «ханшайымымен» кездесуі

  Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтық желілік спартакиада аясында волейболшыларға жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Ольга Рыпаковамен кездесу ұйымдастырылды. Ольга Рыпакова –  үш қарғып секіруден Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016). Халықаралық жарыстардағы жүлделер саны бойынша рекордсмен. Кездесудің бірінші бөлімі қызықты форматта өтті: […]


NIS Engineering – ғылыми-зерттеу алаңы

  2022 жылғы 31 қазанда Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS Engineering заманауи зертханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Искаков, Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген және оқушылардың ата-аналары қатысты. Құттықтау сөзді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Искаков алды: Бүгінгі […]