Өскемен қаласындағы волейболдан аймақтық желілік спартакиаданың ашылу салтанаты  

Өскемен қаласындағы волейболдан аймақтық желілік спартакиаданың ашылу салтанаты дәстүрлі шеруден басталды. Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей, Талдықорған және Өскемен қалаларының ұлдар және қыздар командаларының жүлделері мен үздік ойыншылары танстырылды. «Жанды» трибунадағы жанкүйерлер жалауларды көтеру арқылы әр мектеп атауын көрсетіп, командаларға қолдау жасады. Оқушылардан құралған құрметті қарауыл жасағы салтанатты маршпен Қазақстан Республикасының туын алып шықты. Өскемен мектебінің […]


Мектеп: тұлғаны тәрбиелеу

Мектеп: тұлғаны тәрбиелеу 2022 жылғы 13-14 қазанда Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында семинар-практикум өтті. Тәжірибелік семинарға Абай облысының облыстық, аудандық білім беру басқармасының әдіскерлері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты – Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы мен кітапханаларының іс-тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибе тарату.  Аталмыш шарада Өскемен қаласы NIS мектебінен […]


IT маманы: бұл кім және мамандықты қайда меңгеруге болады

IT маманы: бұл кім және мамандықты қайда меңгеруге болады   Бұл мәселе бүгін Өскемен қаласындағы NIS мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және С. Аманжолов атындағы университеттің дәріскері, «Ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар» кафедрасының докторанты Жанат Маратқызы Сейтахметовамен өткен кездесуде талқыланды. Оқушыларға пайдалы сілтемелер мен осы саладағы ең сұранысқа ие мамандықтардың тізімі ұсынылды. Түлектер Қазақстандағы жетекші жоғары […]


Ұстаздар күніне орай: «NIS арманы» лайнерінде әлемге саяхат

  Өскемен қаласы NIS мектебінің ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтауға дәстүр бойынша барлық 7-ші сынып оқушылары қатысты. Қосымша білім беру педагогы Арайлым Құмархановна Құмарханованың идеясы бойынша, лайнермен әлемге саяхат жасаған көрермендер, туристтер ретінде Франция, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Араб еліне тоқтады. Жүргізушілер әр елдің білім саласындағы ерекшеліктермен таныстырса, оқушылар ұлттық өнерлерін көрсетті. Қосымша білім беру педагогы […]


«Ауыл мектебі» жобасы аясындағы жылжымалы семинар

  2022 жылдың 22-23 қыркүйек күндері аралығында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ауыл мектебі» жобасы аясында Қатон-Қарағай ауданының Үлкен-Нарын, С.Ластаев атындғы және Өрел орта мектептеріне шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізді. Осы жолы шеберлік сағаттар мен тренингтерге аталған мектептермен қоса, жақын ауылдарда орналасқан мектептерінің мұғалімдері белсенді түрде қатысты. Ауыл мұғалімдерінің сұранысына сәйкес, шеберлік сағаттар […]


Ата-аналармен жұмыс: қайырымдылық жәрмеңкесі

Өскемен қаласы NIS мектебінде дәстүрлі күз жәрмеңкесі өтті. Екі күнде барлық шаңырақ ата-аналары мен оқушылары үй тағамдарын, жеміс-көкеністер, қолөнер бұйымдарын ұсынды. «Сауда орындары» да тақырыпқа, шаңырақтар атауларына сай безендірілді. Шаңырақтар осындай дәстүрлі шаралар нәтижесінде бірліктерін нығайта түседі.  


Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саясат

  Өскемен қаласы NIS мектебінің заңгері С. М. Карчалова және кадр сұрақтары бойынша инспектор Ж. А. Адилова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымындағы, филиалдары мен еншілес ұйымдарындағы сексуалдық қанау, сексуалдық қорлау және кез келген сипаттағы кемсітуден қорғау саясатымен» мектеп ұжымын таныстырды. Бұл семинардың негізгі мақсаты: мектеп қызметкерлері мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; қанау, қорлау […]


Мектепке – 12 жыл

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 12 жыл! 13 қыркүйек – мектеп үшін атаулы күні ұжым және оқушылар туған күннің атрибуты – конус қалпақшаларды киіп келіп, «Тілектер аралына» мектепке деген жылы лебіздерін қалдырды. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының басшылығымен өткен мерекелік таңғы шараға, әсіресе, биылғы түлектер белсене ат салысты.  Әуезді музыка мен домбырашылардың шашуы […]


Ата-аналармен алғашқы жиналыс

  2022 жылғы 12 қыркүйекте Өскемен қаласы NIS мектебінде 7-ші сынып оқушыларының ата-аналарына алғашқы жиналыс өтті. Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие жүйесінің қалай жүзеге асырылатындығымен таныстырды. Баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы айтты. Жиынның екінші бөлімінде бекітілген педагог-кураторлар сынып жиналыстарын өткізді. Ата-аналар бір-бірімен танысып, мектеп қауымдастығының мүшесі ретінде қатысатын алдағы шаралар жоспарын талқылады.


БІЛІМДІ ЖАС, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАС!

2022-23 оқу жылының алғашқы қоңырау салтанатты шарасы дәстүрлі мұғалімдер шеруінен басталды. Жиналған жұртты Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұпат Оралқызы Ерниязова құттықтады. Былтырғы оқу жылының нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке жеткен мұғалімдер мен оқушылар мектеп әкімшілігі атынан грамоталармен, сонымен қатар үздік ұжымдық жұмыс көрсеткен физика әдістемелік бірлестігі ауыспалы кубокпен марапатталды. Шараның ерекшелігі – Өскемен қаласы […]