«Ұлы дала ақындары» жобасы: «Өр мінез, сырлы сезім, жауһар жыр»

Фариза Оңғарсынованың шығармаларын насихаттауға арналған әдеби-музыкалық кеш шымылдығы ақынның балалық шағын, жастық шағын және кемелденген шағын көрсететін көріністермен ашылды. Бұл бейнелерді ашуға мектептің оқушылары мен педагог-кураторлары Толқын Қуандықова мен Ляззат Карменова ат салысты.
Бұдан соң, кеш жүргізушілері ортаға шығып, Фариза апамыздың өмірі мен жазған туындылары жайлы ақпарат ұсына отырып, көрермендерді ақын өлеңдерің оқитын өнерпаздармен таныстырып отырды.
7Е сынып оқушысы Жанета Рамазанова «Ақ мамам» өлеңін, 8С сынып оқушысы Аймөлдір Қарқын «Поэзия» өлеңін, 8Е сынып оқушысы Адина Сагатова Татьяна Фроловскаяның аударуындағы «Казахстан» өлеңін, 7С сынып оқушысы Құралай Ерханат «Айша Бибі» өлеңін, 8В сынып оқушысы Нұрбол Тілеуғабыл «Жақсылық туралы жыр» өлеңін, 7А сынып оқушысы Қағанат Қайырлин «Оюлар» өлеңін, 7Е сынып оқушысы Абылай Айтанов Бекет Карашиннің аударуындағы «Одиночка и толпа» өлеңін оқыды. Әр өнерпаз өзі ұсынған шығарманың мәні мен мағынасын терең түйсігінен өткізіп, көрерменге ақын сіңірген қанық бояуымен жеткізуге тырысты.
Педагог-куратор Самал Толеухановна Оразиманова, қосымша білім беру педагогтары Аслан Бауыржанұлы және Ержан Шайзратұлының орындауында «Жайықтың толқындары» әні әдеби-музыкалық кешті шарықтау шегіне жеткізді.
Кеш соңында мектеп директорының орынбасары Гүлшат Тоқтасыновна Мухтарханова сөз алып, Фариза Оңғарсынованың ақын ретінде келер ұрпаққа айтар өсиеті мен қалдырған мұрасы орасан зор екендігін баса айтып, шараның басты ұйымдастырушысы педагог-куратор Мақпал Жоламанқызы Ертисбаева мен барлық қатысушыларға алғыс білдірді.