«Өскемен-2022» волейболдан аймақтық желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

Спартакиаданың жабылу салтанатында Өскемен қаласының өнерпаздары жеңімпаздарға арнаған мерекелік бағдарламаларын ұсынды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Заң департаментінің аға менеджері Қанат Құсаев құттықтау сөз алып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы мен спортшылардың керемет дайындықтарын баса айтты.

Тартысты ойын нәтижесінде ұлдар командалары арасында:
1 орынға – Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы NIS командасы,
2 орынға – Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы NIS командасы,
3 орынға – Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы NIS командасы лайықты деп танылды.

Қыздар командалары арасында
1 орын – Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы NIS командасына,
2 орын – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы NIS командасына,
3 орын – Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы NIS командасына бұйырды.

Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен волейбошыларға номинациялар бойынша жүлделер берілді:
«Үздік шабуылшы» – Ахан Жүсіп (Алматы), Камила Тазабекова (Қарағанды)
«Үздік байланыстырушы» – Жарасхан Тұрғанбаев (Қарағанды), Аружан Омралина (Семей)
«Үздік қорғаушы» – Арман Бабаев (Семей), Іңкәр Құрманбаева (Талдықорған)
«Үздік ойыншы» – Диас Дінмұхамед (Павлодар), Нурай Нурсагатова (Алматы)

Жеңімпаз командаларға кубоктар, командалық диплом, жеке дипломдар, естелік фотоальбомдар, волейбол тақырыбындағы мүсіншелер және ең бастысы – келесі кезеңге жолдама, ал барлық қатысушыларға жекелей алғыс хаттар табысталды.