Виртуалды мектеп моделін құрастыру: басқаруда оңтайлы шешімдер қабылдаудың маңызы

Өскемен қаласы NIS мектебінде «Білім беру ұйымын басқару» – мәскеулік ЕdСrunch академиясы мен NIS Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттыру мақсатымен жаңа цифрлық өнім негізінде оқыту семинары өтуде. Шараға қала және аудандардан келген 70-тен аса мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысуда.

  • Аталмыш симулятор – бірегей платформа. Оған 1600 стратегиялық шешімдер енгізілген, яғни мектептің басқару командасы қабылдаған шешімдерге сай ары қарай әр түрлі нұсқалар ұсынылады. Ал бұл өз кезегінде, аталмыш платформаның берер ресурсы өте зор екендігіне дәлел, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

Даму қарқыны өте жылдам уақытта мектепті басқару моделі де қалыс қалмай, заманауи болуы тиіс. Осы ретте басқару жүйесінде таңсық тәсілдерді қолдануға бағытталған жаңа платформаларды меңгерудің маңыздылығы туралы Өскемен қаласындағы мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі директорының орынбасары Наталья Кудашова былай дейді:

  • Мектеп – тірі ағза іспеттес, сондықтан оны басқаруда барлық аспектілер ескерілуі тиіс. Бүгін оқып жатқан симулятор осындай маңызды бағыттардың барлығын қамтыған. Контенті де өте ыңғайлы, тұтынушыға түсінікті құрастырылған.

Оқыту курсы үш күнге жалғаспақ. Нәтижесінде әр топ жеке виртуалды мектебінің бір жылдық жұмысын бір курс аясында атқарып, сәтті деген мектеп модельдерін анықтайды.