Abstract Art: қиялыңа ерік бер

 

Change концептісі аясында «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы математика, технология және дизайн пәндерінің апталығында «Abstract Art» сайысы өтті. Өнер пәні мұғалімдері Альмира Рысбеккызы Даниярова, Марат Саккоевич Кашкимбаев, Кайрат Бисапанович Куранбаев ұйымдастырған шараға 8-ші сыныптардан 5 команда қатысты.

Ойын төрт кезеңнен тұрды. 1-ші тапсырманың шарты бойынша, әр командаға уақытқа әйгілі абстракционизм бағытының іргесін қалаушыларының картиналары репродукцияларын жинау тапсырылды. 2 тапсырма: сол жиналған картинаны сипаттап, авторы туралы баяндау. “Сен білесің бе?” абстракционизм бағыты жайлы блиц сұрақтар – 3 тапсырма болды. Соңғы тапсырмада әр команда берілген ресурстарды пайдаланып, шпательмен абстракционизм бағытында картина салып, оның мағынасын ашып беруге тиіс болды. Команда мүшелері өзара ақылдасып, қиялдарына ерік беріп, түрлі-түсті бояулар арқылы ішкі жан-дүниелерін үйлестіре ақ қағазға түсіре білді.

Командаларды әділ қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде әр команда түрлі номинациялар бойынша марапатталды:

«Ең үздік абстракционист» номинациясы 8В және 8Е сыныптарына берілді. Қалған командалар «Креативті абстракционист», «Белсенді абстракционист» және «Тапқыр абстракционист» номинацияларымен марапатталды.