«100 күйдің тарихы» жобасы: мектепте алғаш рет жетіген аспабында күй ойналды

2022 жылғы 23-ші қарашада Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «100 күйдің тарихы» жобасы аясында Ағайынды Абдуллиндер музыкалық училищесінің «Жетіген» аспабының оқытушысы Гүлайым Талаптанованың қатысуымен «Күй тілімен сөйлеген…» музыкалық-танымдық кеш өтті.

Кеш қонағымен оқушылар сұхбат жүргізіп, өмірі мен шығармашылығы, жетіген аспабының шығу тарихы мен ерекшелігі жайлы әңгіме өрбітті. Бұдан соң Гүлайым ханым «Жетіген» аспабында мектеп сахнасында алғаш рет   күйін орындап берді.

Мектеп оқушысы Айсу Жалынқызы атақты музыкант, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендіұлы туралы, ал Айназ Бекмухамбет Аққу» күйі туралы қызықты фактілермен бөлісті. Дәл осы «Аққу» күйін жетіген аспабында Гүлайым Талаптанова және қосымша білім беру педагогы Ержан Шайзратұлы қос домбырада ойнап, күй құдіретін көрермендерге өте әсерлі етіп жеткізді.

Құрметті мейманға кеш жүргізушісі Бекзат Мырзаканов дәстүр бойынша «Сан сұраққа – бір жауап» айдарында блиц-сұрақтар қойды. Бұл тұста көрермен Гүлайым ханымның жетіген аспабына заманауи, шетелдік әндердің «сover» нұсқаларын салсам деген ойы бар екендігін білді.

Шара соңында Гүлайым Меирхатқызы жастарға ақ жарма тілегін арнады:

  • Ең бастысы, уақытты бос жоғалтпаңыздар. Алдыға арман-мақсаттар қойып, оған жетудің нақты қадамдарын жоспарлаңыздар. Уақыт өте жылдам, сондықтан оны құр бекерге жібермей, пайдалы іске жұмсаңыздар, – деп жас ұстаз сөзін аяқтады.