Зияткер оқушылар Шығыстың керемет жерлеріне саяхатқа шығады

 
2021 жылғы 31 қазанда Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым – 2021» ғылыми-өлкетану экспедицияның ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысушыларды экспедиция жетекшісі Фаруза Найманкановна Наурызбаева бағдарламамен таныстырды.
«Туған елге тағзым – 2021» ғылыми-өлкетану экспедициясы Өскемен қаласы NIS –де «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» тақырыбымен ұйымдастырылып отыр. Оған шаңырақтардан үздік 40 оқушысы қатысуда.
Экспедиция бағдарламасында Зырян ауданының, Ермаковка ауылындағы Ертіс өзенінің форелді көбейту мен өсіру және қайта өңдеу бойынша “Гранд Фиш” ЖШС балық шаруашылығының тарихымен танысу; Ұлан ауданы, Украинка ауылындағы туннель типті жылыжай – оранжереясына саяхат; «Ақ-Баур» тарихи-археологиялық кешеніне оқыту сапары, ежелгі палеолиттің жартастағы суреттерін зерттеу; Хәкім Абайдың ауылы Жидебайға сапарға шығу және Ұлан ауданының І.Айттыков ауылында тұратын Совет Одағының батыры Қасым Қайсеновтың немере бауыры Исенов Талғатпен кездесу сияқты шаралар жоспарланған.
“Туған елге тағзым – 2021” өлкетанулық экспедиция қатысушылары креативті идеялар мен батыл дәлелдерін, өнертапқыштық ұсыныстарын жүзеге асыруға, білім мен ғылымды дамытуға ат салысуға арнайтын болады.