NIS мұғалімдері 4 ауылдық мектеп мұғалімдерін тағылымдамадан өткізді

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бойынша, Өскемен қ. ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары мен 10 педагогінен құрылған топ, өңірдегі төрт ауылдық мектепке іссапармен барып, ондағы мектеп мұғалімдерімен тәжірибе бөлісіп қайтты.     Жоба аясында, Марқакөл ауданындағы №1 орта мектебінің, Зайсан ауданындағы М. Әуезов атындағы орта мектебінің, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта […]


Құрметті ата-аналар мен 6-сынып оқушыларының назарына!

«Назарбаев Зияткерлік» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді. Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты […]


«БІРЛІК FEST» – ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК ФЕСТИВАЛІ

       Өскемен қаласы NIS мектебінде жылдағы дәстүрге сай, достық пен бірлік фестивалі – «Бірлік FEST» шарасы ұйымдастырылды.    Фестиваль шымылдығы ұлттық киім киген 7-11 сынып аралығындағы оқушылар мен мектеп мұғалімдері, ата-аналардан құралған шаңырақтар бірлестігінің қатысуымен өткен «Бірлік керуені» атты мерекелік шеруімен түрілді. Ұлттық құндылықты дәріптеп, ел ішіндегі мызғымас татулық пен қоғамдық келісімді кеңінен […]


Алғашқы қоңырау мерекесі

        Өскемен қаласындағы NIS мектебінде 1-қыркүйек – Білім күні «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік жиын өтті. Биыл Зияткерлік мектепте 600-ден астам бала мұғалімдерімен қайта қауышып, жаңа оқу жылын бастады.     Алғашқы қоңырау мерекесі жылдағыдай көтеріңкі көңіл күймен, арнайы дайындалған концерттік бағдарлама шеңберінде өтті. Шара барысында өткен жыл қорытындыланып, шәкірттер мен ұстаздардың басты белестері […]


Өскемен қаласы NIS мектебінің 2023-ші жылғы түлектеріне аттестаттар табысталды.

Өскемен қаласы NIS мектебінің 2023-ші жылғы түлектеріне аттестаттар табысталды. 49 зияткер оқушы қолдарына аттестаттарын алып, ересек өмірге жолдама алды. Түлектердің 5-еуі «Алтын белгіге», 4-екуі «Үздік аттестатқа» ие болды. Бұған қоса, 2020-шы жылғы түлек Дильназ Канжекенова оларға «NIS ALUMNI» қауымдастығының төс белгілерін табыстады. Мектеп әкімшілігі құттықтау сөз алып, түлектерге сәт-сапар тілесе, мұғалімдер шәкірттеріне әдемі ән тарту […]


«Туған елге тағзым – 2023» жобасы бастау алды

«Туған елге тағзым – 2023» жобасы бастау алды   2023 жылғы 11-ші маусымда Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу  экспедициясы бастау алды.   Жыл қорытындысы бойынша «Үздік шаңырақ» атанған оқушыларды мектеп жатақханасына орналастырғаннан кейін, «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының салтанатты  ашылуы болды.   Экспедициясының қатысушыларына бағдарлама  таныстырылды. Қауіпсіздік техникасы бойынша […]


«Ата – ана жұмысында бір күн» әлеуметтік тәжірибесі

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 2023 жылғы 2-ші маусымда «Ата-ана жұмысында 1 күн» тәжірибесінен өтті. -сыныптар ата-аналарының жұмыс орнымен, күн режимімен, кәсіп ерекшелігімен танысты.  –Мен ауруханада хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Жұмысым өте жауапкершілікті талап етеді, демалыс күндері болса да, күн-түн демей шақыру қоңыраулары түсіп жатады. Сондықтан отбасыммен, балаларыммен өткізетін уақытты науқастарға арнауға […]


WRO олимпиадасының аймақтық кезеңі

2023 жылғы 29-шы мамырда Өскемен қаласы NIS мектебінде Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен білім беру ұйымдары арасында WRO олимпиадасының (робототехника) Аймақтық кезеңі өтті.   Олимпиада «RoboMission» (Elementary, Junior, Senior), «Болашақ инноваторлар» (шығармашылық), «RoboSports» және «Future Engineers», сонымен қатар, «Движение по линии» және «Шагающий робот сумо» категориялары бойынша ұйымдастырылды.   Сайысқа облыстың 17 […]


Батырдың жеңісі

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Батыр Ержанұлы «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Галым-Проект» қоғамдық қорының қатысуымен ұйымдастырылған «International Brain Bee» World Championship халықаралық олимпиадасында 1-орынға иеленгені үшін сертификатпен марапатталды. —Бұл олимпиада форматы жағынан ерекше, медицинаға жуық тақырыпта болды. 2023 жылы алғаш рет өтті. Мен үшін ұмытылмас тәжірибе болды,—дейді Батыр. Олимпиада екі кезеңнен өтті: […]


«Көңілді тапқырлар аламаны» – мектеп сахнасында

Өскемен қаласы NIS мектебінде шаңырақтар командалары арасында «Көңілді тапқырлар аламаны» сайысы ұйымдастырылды. Оған «Марқакөл», «Жетісу», «Оқжетпес», «Түркістан», «Тұран», «Баянауыл», «Үшқоңыр» шаңырақтарының командалары қатысты. Әр команда мектеп өмірі, сабақ оқудағы қиындықтар, оқушылар арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде әдемі әзілдер айту арқылы көрермендердің көңілін көтеруге тырысты. “Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер” демекші, өнердің бұл ерекше […]