“Туған елге тағзым – 2022” қатысушылары сапарға аттанды

“Туған елге тағзым – 2022” қатысушылары сапарға аттанды

2022 жылғы 19 маусымда Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» ғылыми-өлкетану экспедициясының ашылу салтанаты болды.

Биылғы оқу жылы қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Мұзтау» шаңырағының 48 оқушысы туған өлкені танып, тарихын зерттеуге мүмкіндік алды.

Экспедиция қатысушыларын мектеп директорының орынбасары Гульшат Тоқтасыновна Мухтарханова құттықтап, сәтті сапар тіледі:

  • «Туған елге тағзым» жобасы жүзеге асқалы 48 баладан тұратын ауқымды экпедиция екінші рет құрылып тұр. Бұл сіздер үшін үлкен қолдау, әрі қайталанбас мүмкіндік. Сондықтан креативті идеялар мен батыл дәлелдеріңізді, өнертапқыштық ұсыныстарыңызды жүзеге асырып, уақытты білім мен ғылымды дамытуға арнаңыздар!

Маусым айының 19 мен 24 аралығында өтетін экспедиция маршрутына «Жидебай-Бөрілі», «Ақ Бауыр» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық кешендеріне, «GRAND FISH»  форель өсіру шаруашылығына және облыстың басқа да көрікті жерлеріне танымды саяхаттар жоспарланған.