NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне аяқ басты.

Өскемен қаласындағы NIS мектебінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін 18 оқушы сарапқа салуда.

Ал 16 ақпанда басталатын қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 14 оқушы бақ сынайды.

Жұмыстарды тексеру Алматыдағы химия-биология бағытындағы және елордадағы физика-математика бағытындағы NIS базасында өтеді деп жоспарлануда.

Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасын таныстырады.