Директордың сөзі

 

Құрметті, сайт қолданушылары!

Мен Сіздермен Өскемен қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сайтында жүздескеніме қуаныштымын! Сіздердің назарларыңызға біздегі оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктерін және мектеп қауымдастығындағы басқа да шаралардың түрлерінен хабардар ететін ақпараттар ұсынылған. 

Біздің мектебіміз 2010 жылы 13 – қыркүйекте ашылды. Осы сәттен бастап мектептің педагогикалық ұжымы ең үздік халықаралық және қазақстандық тәжірибелерді зерделеп өз жұмыстарына енгізуде. Ал оның ортасында өзінің талантын шыңдауға тамаша мүмкіндік алатын «Өркен» білім беру грантының иегері атанған оқушы тұр. 

Біз 7 бағыт бойынша жұмыс жасаймыз:

1. Басқарудың жаңа үлгісі;

2. Кіріктірілген білім бағдарламасы;

3. Сабақ беру мен оқыту;

4. Білім сапасын бағалау;

5. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау;

6. Дарынды балаларды іздеу және оқыту;

7. Аймақтың жалпы білім беретін мектептеріне тәжірибе тарату.

 

 Мектеп білім мен инновацияның, зерттеудің, сыни ойлау мен патриотизмді көрсетудің ашық алаңы болып табылады. Оқушыларымыз халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен сайыстарда нәтижелі табыстарға қол жеткізуде. Біздің түлектер өз еліміздегі және халықаралық деңгейдегі ең үздік жоғары оқу орындарында оқиды. Ал олардың жуық арада өз отаны –Қазақстанға шынайы пайда әкелетініне сеніміміз зор. Мектеп миссиясы да еліміздің зияткер әлеуетін дамытуға, Қазақстанның дамуына үлес қосуға құлшыныс танытатын, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.   

2017 жылы мектеп Council of International Schools (Нидерланды) халықаралық аккредитацияны ойдағыдай сәтті өтті. Аккредитация нәтижесінде алынған сертификат мектептің жоғары сапалы білім беруі мен тәрбиелеуін растайды. 2017 жыл мектеп тарихында тағы бір жарқын оқиғамен белгілі болды – 120 оқушыға арналған жатын орны бар жаңа типтік ғимарат салынды.

Бұл сайт мектеп туралы мағлұматыңызды кеңейтіп және жақсылықты қабылдауға көмектеседі, ал бізге жаңа достар табуға жол ашады деп сенемін. Барлықтарыңызды ашық диалогқа шақырамын, сайттағы сіздің мектеп туралы пікіріңіз біздің ары қарай дамуымызды бағдарлауға да жәрдемдеседі.

Құрметпен,
Өскемен қаласы химия – биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры