Мектеп тарихы

2008 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды балаларды іріктеу және оқыту үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Зияткерлік мектептер желісін құру жөніндегі бірегей жобаға бастамашы болды.
   Зияткерлік мектептер Президенттің ойынша ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға жәрдемдесуі тиіс. Ал мектептердің түлектері Қазақстанның әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өрелі үлес қосады.
  Президент қойған міндеттерді орындау үшін Зияткерлік мектептер инновациялық білім беру моделін әзірлейді, олар үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялайды.Дәл осындай көзқарас мектептердің түлектеріне Назарбаев Университетіне, үздік қазақстандық және беделді шетелдік жоғары оқу орындарына ойдағыдай оқуға түсуге және оқуларын аяқтауға мүмкіндік береді. Олар еңбек нарығында сұранысқа ие болады, әлеуметтік-экономикалық және саясисалаларда белсенді ынтымақтасып, инновацияларды жер-жерде енгізеді, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен іскер абыройын арттырады.
   «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айтылғандай «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.»
   Өскемен қаласы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «20 зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2010 жылдың 13 қыркүйек айында жұмысын бастады. Мектеп  қоғамда «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын енгізуге бағытталған, бұл бағыт Мемлекет басшысының сөзінше әрбір қазақстандықтың жеке кредосы болуға тиіс.

Мектептің 10 жылдық мерейтойына шаңырақтар құттықтаулары