Болашақ мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары

 

2023 жылдың 9 наурызында Өскемен қаласындағы NIS базасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің педагогикалық мамандықтарының соңғы курс студенттеріне арналған семинар-практикум өтті.

Болашақ математика және информатика пәндерінің мұғалімдері NIS Engineering жұмысымен танысып, түрлі тақырыптағы шеберлік сабақтарына қатысты. Тапсырмаларға дескриптор құрастыру, сараланған тапсырмалар дайындау, «Шаңырақ» жүйесін жүзеге асыруда оқушыларды ынталандыру әдістері остуденттер үшін пайдалы тәжірибе болды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы ұстаздар: Ж. М. Сейтахметоваға, Ө. Ш. Сүлейменовке, Қ. Б. Раисоваға: сонымен қатар педагог-ұйымдастырушы-кураторлар: Ж. Р. Еспенбетоваға, М. Ж. Ертісбаеваға, Ш. Б. Сағдашевқа тәжірибе алмасып, болашақ мұғалімдерді даярлауда көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді. Семинарлар циклі жалғасады.