«БҰҰ үлгісімен» конференция

Қыстың соңғы күні, 2020 жылдың 29 ақпанында Өскемен қаласындағы химиялық – биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде OskeMUN мектеп клубының «БҰҰ үлгісімен» конференциясы өтті.
Конференция алғаш рет осындай ауқымда өтіп отыр. Клубтың тәжірибелі мүшелері – 11 және 12 сынып оқушылары басқаратын 4 комитеттің жұмысына 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасынан 100-ге жуық жаңадан келгендер қатысты.
UNDP, UNODC, UNSC және WHO комитеттеріне ең жақсы делегаттары 5 номинация бойынша ұсынылды. Соңынан дәстүр бойынша, BEST DELEGATE, HONOURABLE MENTION және BEST POSITION PAPER анықталды.
Сонымен қатар, OBSERVERS’ CHOICE және MOST PROMISSING JUNIOUR DELEGATE номинациялары енгізілді. Соңғы санаттағы номинанттар тек OskeMUN клубының болашағы сеніп тапсырылған 9-сынып оқушыларының арасынан таңдалды.