«Ата – ана жұмысында бір күн» әлеуметтік тәжірибесі

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 2023 жылғы 2-ші маусымда «Ата-ана жұмысында 1 күн» тәжірибесінен өтті.

-сыныптар ата-аналарының жұмыс орнымен, күн режимімен, кәсіп ерекшелігімен танысты.

 –Мен ауруханада хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Жұмысым өте жауапкершілікті талап етеді, демалыс күндері болса да, күн-түн демей шақыру қоңыраулары түсіп жатады. Сондықтан отбасыммен, балаларыммен өткізетін уақытты науқастарға арнауға мәжбүрмін. Бұл тәжірибенің арқасында менің балам Айқын жұмысымның жоғары құнын түсінді деп ойлаймын. Болашақта Айқын анасы екеуміз сияқты дәрігер болып жатса, тек құптаймыз, – дейді ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың хирург-дәрігері Айдын Башабаев.  

Ал Алижан Толегеновтың әкесі–Ерлан Шидербаев Қажымұқан атындағы ШҚО мамандандырылған жекпе-жектен балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің бокстан жаттықтырушы. Алижан әкесі дайындайтын топ құрамында жаттығады. Жазғы тәжірибе күні ол әкесінің нұсқаулықтарына сүйене отырып, өзін жаттықтырушы ретінде де сынап көрді.

Осылайша оқушылар тәжірибенің негізгі мақсатына жетіп, ата-аналардың мамандығымен танысу, өндіріс жағдайында алғашқы байланыс тәжірибесін алып, процестерді бағалау арқылы өз тұжырымдарын жасады.