«Туған елге тағзым – 2023» жобасы бастау алды

«Туған елге тағзым – 2023» жобасы бастау алды

 

2023 жылғы 11-ші маусымда Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу  экспедициясы бастау алды.

 

Жыл қорытындысы бойынша «Үздік шаңырақ» атанған оқушыларды мектеп жатақханасына орналастырғаннан кейін, «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясының салтанатты  ашылуы болды.

 

Экспедициясының қатысушыларына бағдарлама  таныстырылды. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізілді.

 

Бұдан соң, «Бірлігіміз жарасқан» ынтымақтастық  тренингтері мен «Dostar» шығармашылық кеші оқушылардың көңілдерін көтерді.