«Татулық-достықтың киелі бесігі» фестивалі

 

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан халқының бірлік мерекесі ұлттық мәдениеттер фестивалінде атап өтілді.

Шараның бірінші бөлімінде сахнада мектеп оқушылары шағын концерт ұйымдастырды: әр ұлттың өкілдерін сомдаған оқушылар ортақ би билеп, Тәуелсіздік символы – бүркіт алып шыққан бір шаңырақ астында шоғырланды.  

Екінші бөлімінде мектеп қауымдастығы ата-аналар мен оқушылар ұйымдастырған этноауылды аралады. Әр шаңырақ жеке бір ұлттың ерекшеліктеріне қарай көрме безендіріп, ұлттық тағамдардан дастархан жайды.

Фестивальге Корей халқының «Торади» ансамблі келіп, ән тарту етті. Ал тау халқының биін керемет билеген мектеп оқушылары көрермендердің зор қошаметіне бөленді.  Халықаралық мұғалімдер де өз елдерінің киім үлгісін киіп, тағамдарын ұсынып, фестивальдің өтуіне үлестерін қосты.

Этноауыл қонақтары қазақ халқының киіз үйі ретінде жабдықталған фотозонада естелікке суретке түсті.