Түлектер бастамасымен NIS CHALLENGE өтті

 

2022 жылғы 25 мамырда барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде NIS Alumni-дің ұйымдастыруымен NIS CHALLENGE зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға 7-12 сынып және түлектен құрылған 10 команда қатысты.

2 раундта оқушының NIS-тегі қызықты сәттері туралы сұрақтар қойылып, жобалар жөнінде ребустар жасырынды. Ал 3-ші раундта NIS оқушысы креативтілік танытуға тырысты. Ұпайлар нәтижесінде жеңімпаз команда анықталды.

 «NIS дамыту қоры» корпаративтік қоры бөлген ақшалай сыйлықты жеңімпаздар NIS Alumni (@nisalumni_official) жобаларына қолдау көрсетуге бағыттады. Командаға үстел ойыны мен су құюға арналған бренддік бөтелкелер сыйға берілді.

Бұған қоса, шара демеушісі Jusan Bank-тен ойынға қатысқан әр оқушы Jusan Singularity-дің IT мектебінде білім жетілдіруге мүмкіндік алды.