Өскемен NIS Alumni – 2020

2020 жылдың 13 маусымында Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 97 түлегіне ақ жол тілеп,шығарып салды.

Олдардың 8-і «Алтын белгі» төс белгісіне, 14-і «Үздік аттестатқа» ие болды.

Елімізде орнаған жағдайға байланысты, санитарлық талаптарды сақтау мақсатында мектеп түлектері 4 топқа бөлініп, әр топтың оқушылары мен ата-аналары мектеп ауласындағы салтанатты шараға қатысты.

Мектеп директоры Ж.Ерниязованың құттықтау сөзінен кейін, түлектерге «Спорт», «Шығармашылық», «Олимпиада жеңімпаздары», «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат иегерлері» номинациялары бойынша аттестаттар табысталды.

Әр сыныптың ата-аналары атынан жылы лебіздер айтылды.

Түлектердің қоштасу әнінің әдемі әуенімен рәсім өз мәресіне жетті.