Шаңырақтар

«Алатау» шаңырағы

     Біздің шаңырақ -Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған, еліміздің ең биік таулары Алатау тауларымен аталады. Алатаудың қойнауы құтты – ауасы таза, шипалы судың көзі. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
     Шаңырағымыз барлық мектепішілік, қалалық шараларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Оқушыларымыз білімде алдыда, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айланысып жетістіктерге жетуде. Шаңырақ оқушылары өзара татулықпен сыйластық болса алынбайтын қамал жоқ екеніне сенімді, сондықтан-да біздің девиз «Тек ғана Алға!»

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Алатау2020 - 3939

«Тұран» шаңырағы

     Біздің мектеп рухани құндылықтардың дамуына үлес қосып, біздің халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйретеді. Осыған байланысты сыныптар шаңырақтарға бөлінеді. «Шаңырақ» ата-бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан «үй», «отаудың» символы болып келеді.
     Біздің шаңырағымыз «Тұран» – деп аталады. Тұран – Қазақстанның оңтүстігінен батысқа қарай орналасқан Маңғыстау, Үстірт, Торғай, Арал, Сырдария, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл өңірлерін қамтитын кең жазықтық. Сондай-ақ, бұл ажырамайтын 11 «Е» және 11 «Д» сыныптарын бір шаңырақ астына біріктіреді.
Оқу жылының басында шаңырақ көшбасшысы ретінде 11 «Е» сыныбындағы Жұмағұлова Жұлдызды таңдап алды, ол барлық іс-шараларға белсене қатысып, өз жұмысын жауапкершілікпен қабылдайды және нақты көшбасшы қасиеттеріне ие.
     Мектептегі біздің өміріміз – мектепте табысқа жету, ғылыми және әлеуметтік жобаларға қатысу, басқаларға көмектесу. Ата-бабаларымыздың өсиеттерін ұстанып, біздің мектептегі құндылықтарымызды ескере отырып, біз жауапты болуға, бір-бірімізге құрметпен қарауға, ашықтыққа, бәсекеге қабілеттілікке, отанымызды жақсы көруге үйренеміз. Біздің шаңырағымыздағы барлық жұмыстарды әрқайсымыз құнды екенін сезінетіндей, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тәуелсіздікті дамытуға бағытталған. Өйткені біздің ұранымыз: «Егер болғың келсе, онда ең жақсысы бол!»

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Turan2020 - 3995

«Жидебай» шаңырағы

Өскемен қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі 7 «C» және 10 «Е» оқушылары Абай атамыздың ата-қонысы «Жидебайды» шаңырақ атауы етіп алды.
Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның поэзиясы – даналықтың, адалдықтың поэзиясы. Шаңырақ лидері – Валитова Алуа. Шаңырағымызда барлығы 38 оқушы. Жидебай атауына кір келтірмей, өз шаңырағымызды мақтан тұтып, лидерымыздың сенімін ақтауға тырысамыз. «Еріншектік– күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық , кедейлік – бәрі осыдан шығады». Кураторымыз Жанаргуль Жасулановна білімімізді жетілдіруге,өзін-өзі дамытуды үнемі жақсартып, шаңырак атауына лайықты болуды жөн санайды.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Жидебай2020 - 3928

«Үшқоңыр» шаңырағы.

     Арнайы сапарлап, Үшқоңыр жайлы үзік сыр ағытып келе жатқанымыз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Һәм кіндік қаны тамған құтты мекені болғандықтан, президентінің балалық шағы осы жерлерде өткендіктен, болашақ басшының бойындағы басқалардан оза шабатын белгілері балалық шағында – ақ бой көрсетіп, бүр жарған беткей де – осы.
     2019 – 2020 оқу жылы басында екі сынып 8 «А» мен 10 «В» сыныбының оқушылары бірлесе отырып «Үшқоңыр» атты шаңырағын құрдық. Біздің шаңырақта барлығы 46оқушы. Оның ішінде ұл бала – 16, қыз бала – 30.
     Үшқоңыр – кішісі үлкеніне құрмет көрсетіп, үлкені кішісіне ізет білдіріп, сыйластығы жарасып, мерейі тасыған шаңырақ. Балаларымыздың барлығы жан – жақты, ұлдарымыз сегіз қырлы бір сырлы болса, ал қыздарымыз он саусағынан өнер тамған арулар.
     Шаңырағымыздың жетекшісі – Еспенбетова Жансая Ризабековна. Шаңырағымыздың лидері – Мұхтаров Ерасыл. Шаңырақ мүшелерінің басты мақсаты – сапалы білім алып, мектебіміздің түрлі жобаларына қатысып, дарынды да талантты зияткер болып қалыптасу.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Үшқоңыр2020 - 3929

Менің шаңырағым – менің мақтанышым!

     Қазақ халқы үшін «Шаңырақ» сөзінің үлкен символдық мәні бар. Бұл отбасылық амандықтың, татулықтың, тыныштықтың символы. Отбасын “Шаңырақ” деп бекер атамаған ғой. Шаңырақ отбасылақ мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабаларымыздың рухын өз күшімен қорғаған. Шаңырақ сөзі “үй”, “отбасы” ұғымдарын білдіреді.
     Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Шаңырақ» атты мектеп қауымдастығы жұмыс істейді.Оның негізгі мақсаты – әртүрлі сынып оқушылары арасында өзара түсіністік пен достық орнату. Шаңырақта екі түрлі жас сыныптары (12 және 9, 11 және 8, 10 және 7) біріктірілген. Әр Шаңырақтың өз атауы, эмблемасы және ұраны бар.
     Біздің Шаңырақтың атауы – Баянауыл. Оның құрамына алғашқы күндерінен бастап бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсете бастаған 9А және 7 F сынып оқушылары біріктірілген. Жаңа оқушыларға оқу жылының басында әрдайым қиын болатындығы шын. Оларға үлкен сыныптың аға-апайларының көмегі мен қолдауы қажет. Сондықтан бірінші күні біз мектеппен танысып, экскурсия ұйымдастырдық. Ал 7F сынып оқушылары бізді мұқият тыңдады.
     Сонымен қатар, әрбір жоғарғы сынып оқушысының кіші сыныптан келген өз періштелері бар. Осының арқасында біз әпкелеріміз бен бауырларымызды жақсырақ біле аламыз. Бұл идея 7-сыныпқа өте ұнады. Себебі, олар жаңа достар мен таныстар таба алмаймыз ба деп қорықты.
     Шаңырақта түрлі іс-шараларға қатысатын талантты балалар көп. Мысалы, 7 F сынып оқушысының – Әмре Рамазанның әдемі, әрі күшті дауысының арқасында ол біздің мектебіміздің Димашы болып табылады. 9А сынып қыздары іс-шараларда билеп, ән айтады. Біздің Шаңырағымыздың басты мақсаты –“Туған елге тағызым” атты жобасының сапары. Біз әр мақсатымызға қол жеткізе аламыз деп шын жүректен үміттенеміз.
     Біз Шаңырағымызды жақсы көреміз және өз оқушыларымызбен мақтан етеміз!

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Баянауыл2020 - 4126

«Оқжетпес» шаңырағы

     Оқжетпес шаңырағы –– қазақ тілді, 12 В және 12 С сыныптарынан құрылып шаңырақ қауымдастығы болып отыр. Шаңырақтың педагог – ұйымдастырушы – кураторы – Мукашева Айнур Тлеубердиновна. Қазақ халқы үшін қасиетті ұғым шаңырақ атауын Бурабай төсінде аты аңызға айналған Оқжетпес тауына байланысты ойластырып қойдық. Жалпы, Оқжетпес тауы жайлы аңызда бұдан жүз жыл бұрын, әлде мың жыл бұрын ба, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақиығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен.Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тастаудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», – деп ойлайды да, жалма-жансадағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шыңтасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», – деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тастауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.
     Міне, әрбір сындарда біздің шаңырағымыздың шаңына ешкім жетпесін, тек мақсатымыз биіктерден болсын деп ырымдап осы атты қоюды жөн көрдік. Жоғарғы сынып болғандықтан шаңырақ оқушыларының ұстанған мақсат – бағдары айқын, ол алда келетін мемлекеттік емтиханнан жақсы нәтиже көрсетіп, абыроймен мектепті аяқтау болып келеді. Үлкен сынып болғандықтан шаңырақ болып бірлесе жұмыстар атқарып, бір-біріне деген жылулық сезімдері бекіп, бір үйдің көп баласындай болып кеттік. Әрбір оқушының жүрегінде сол өмірден күтетін арман-тілектері, орындау керек мақсаттары бар. Алда тапсыру керек емтихандар мен өту керек белестері қаншама! Шаңырақтың оқушыларын көкіректеріндегі осы ойлары біріктіреді, достастырады, бір – бірін түсінуге жетелейді. Оқжетпес шаңырағының бұрышы тынбай еңбек етіп, тыныш қана ұйымдасып сабақ оқыған оқушылармен сипаталып қана коймай, тұла бойы таланттқа толып тұрған бойжеткендер мен бозбалалармен ерекшеленеді.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Оқжетпес2020 - 3932

«Мұзтау» шаңырағы

     Шаңырақ –қазақ халқының мәдени өмірінде ерекше орынға ие болды. Шаңырақ біз үшін отбасы, жанұя бейнесі. Сондықтан да, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Шаңырақ» сөзінің мағынасына байланысты үлкен-кіші сыныптарды біріктіріп, ұйымшыл, берік отбасы құрылады.
     Біз 7 «B»және 9«В» сынып оқушылары шаңырағымызға Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтау атын таңдадық. Көптеген өзендер осы таудан бастау алады. ЮНЕСКО Алтай таулары аймағын әлемдегі табиғаты өте таза аймақтар тізіміне енгізген. Сонымен қатар бұл тау – «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі.
     Шаңырақ қауымдастығы біз үшін жаңа достар, жауапкершілік, оқушылардың бір-біріне деген көмегі. Шаңырақ арқасында мектептегі әр күніміз қызыққа, жаңа үйреністерге толы өтеді. Екі сыныпты топтастырып, бір арнаға тоғыстырып, бағыт-бағдар беретін кураторымыз – Нұрбекова Нәзира Сайлаубекқызы.
     Шаңырақ оқушылары спорттық жарыстарға, мектеп іс-шараларына, жобаларына жиі қатысады. Бұл шаралар арқылы әр оқушы шаңырақтың өркендеуіне үлкен үлес қоса отырып, жауапкершілік, адамгершілік, көсбасшылық және т.б. қасиеттерін өз бойында дамыта алады.
     Алдағы уақытта шаңырағымыз Мұзтаудай берік болып, болашақта биік шыңдарға ұмтылады.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Мұзтау2020 - 3933

«Ертіс» шаңырағы

     Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда тауынан алатын, 3 мемлекетті байланыстырған Ертіс өзені Шығыс Қазақстан облысының мақтанышы және ерекше тұсы болып табылады. Бұл өзен Қытайдан басталып, Қазақстаннан өтіп, Ресейдің Обьіне келіп құяды. Орталық Қазақстанды сумен, шығысымыздың астанасы Өскеменді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған осы Ертіс өзенінің тек қаламыз үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін де маңызы зор. Сондықтан біз шаңырағымызды «Ертіс» деп атауды жөн көрдік.
     Бұл шаңырақ 2020 жылдың түлектері – 12D және 12F сыныптарының басын қосады. Ертіс секілді ерекше атқа ие болған бұл шаңырақтың оқу жылы жетістіктерге және есте қалар сәттерге толы болуына тілектеспіз.
     Шаңырақ кураторы: Оразиманова Самал Толеухановна.
     Шаңырақ лидері: Муратбеков Мирас.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Ертіс2020 - 3934

«Жетісу» шаңырағы

     Мектеп – біздің екінші үйіміз, ал шаңырақ-үлкен отбасы, сондықтан да қазақ даласының алтын бесігі-Жетісу құрметіне аталған бірыңғай отбасында жылу, жайлылық және өзара түсіністік орнауы аса маңызды.
     «Жетісу» шаңырағымыз жоғары спорттық және академиялық жетістіктерімен ерекшеленетін 12 “А” және 10 «G», 9 “D” сынып оқушыларынан тұрады. Біздің оқушылар арасында ең жан-жақты тұлғалар бар: футболшылар, волейболшылар, фотографтар, теннисшілер, кітап сүйгіштер және болашақ спикерлер ,олимпиадалар және ғылыми конференциялар жеңімпаздары. Әр түрлі қызығушылықтар мен оқыту тілдері-бұл өнімді және бірлескен жұмыс үшін кедергі емес. Достық қарым-қатынасты қолдай отырып, бір-бірімізге көмекке келуге және оқуда да, жеке өмірде де қолдау көрсетуге дайынбыз.
     Біз әрдайым алға қойған мақсаттарға бір күшті командамен бірге жетуге ұмтыламыз. Бұл ісімізде бізді куратор-педагог-ұйымдастырушы, өз ісінің кәсіби маманы Нетбаева Жанна Қайдарқызы кез келген өмірлік жағдайда көмек көрсету және кеңес беру арқылы бағыттайды.
     Бізге “Шаңырақ”бағдарламасы не береді? Біріншіден, ол жеке көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, маңызды міндеттерді орындауда жауапты болуға көмектеседі. Оған қоса,қарым-қатынас негізіндегі коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды жақсарту мақсатында оқушылардың, педагогикалық ұжымның, мектеп ата-аналарының ұйымдаса жұмыс атқаруы да “Шанырақ” бағдарламасының арқасында жүзеге асып отыр.
     Креативтілік, сыни ойлау, төзімділік, ұйымшылдық, мақсаттылық, ұтқырлық, адалдық, қолдау және жан – жақты үйлесімді даму-бұл біздің шаңырақтың негізгі құндылықтары. 12 – сынып мектеп бітіру жолында ең шешуші және маңызды жылдардың бірі болып табылады, сондықтан да әрқайсымыз өмір бойы үздіксіз білім алып және өз-өзімізді дамытумен айналысу арқалы бәсекеге қабілетті болатын тұлға атануға тырысамыз. Жалаңтөс Бахадыр, Қадырғали Жалайыри, Наурызбай батыр, Тезек төре, Мұхамеджан Тынышпаев- бұл есімдер біздің жүрегімізде мақтаныш сезімін оятады. Өйткені тарих толқыны мен халқымыздың салт-дәстүрлерінбіліп-құрметтеу және ең бастысы: Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі мақсатында еңбек ету- біздің біздің басты міндетіміз.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Жетісу2020 - 3935

«Марқакөл» шаңырағы

     Марқакөл – Шығыс Қазақстанның маржаны. Марқакөл шаңырағында 46 оқушы және олардың әрқайсысы жаңа білімге, пайдалы істерді істеуге құмар. Шаңырақ сағатында барлық оқушылар өмірлік тұрақтылыққа, икемділікке, бір-біріне көмек қолын созуға үйренеді.
     Шаңырақ сағаты 7 «А» мен 10 «А» сыныптарын біріктіреді. Аз уақыт ішінде аталған сыныптар бір-бірімен жақсы тіл табысып, достық қарым-қатынас қалыптастыра алды, себебі шаңырақ сағатында біз бір-бірімізбен пікір алмасып, көптеген дағдыларды меңгеріп, рухани құндылықтарымызды байыта түсеміз. Бұның барлығы да бізді, «шаңырақ» сағатының оқушыларын одан сайын мықты ете түседі.

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Усть-Каменогорск - Марқакөл2020 - 3937

“Түркістан” шаңырағы

“Түркістан” шаңырағының құрамына 8″С”және 9″С” қазақ сыныптарынан барлығы 47 оқушы кіреді. Шаңырақтың педагог-ұйымдастырушы-кураторы— Арайлым Кенжебаевна Ильяшева.

Мектепті екінші үй десек, шаңырақ бір үлкен жанұя болып есептелмек. Әр оқушы оқуға деген ынталарымен жаңа білім деңгейлерін көрсетуге дайын. Білім жолында да биіктен көрінуге талпынуда. Спорт жағынан ерекше көзге түсіп жүр.

Түркістан атауы да ерекше. Бұл атауды алудың өзіндік тарихы да бар.

Түркістан қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан киелі орындардың бірі. Негізі V-Vl- ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XlV-XVlll-ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Әр елдің, әр жердің өз киесі мен қадірі болады десек, Түркістан облысында да ғажайып орындар бар. Оның дәлелі ретінде осы аймақта орналасқан, тарихқа аты алтын әріппен жазылған қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Домалақ ана кесенелері бар киелі орындарды атап айтсақ болады.

Түркістан жерін ақын М. Жұмабаев жырға да қосқан:

Түркістан екі дүние есігі ғой

Түркістан ер түріктің бесігі ғой, -деп бекер айтылмаса керек.

 

Ендеше, осындай киелі жер атауын алып отырған шаңырақтың өзіндік ерекшелігі де осында. Шаңырақ бір-бірімен тығыз байланыста. Келешекте де үлгілі, мәдениеті жоғары, білімді, парасатты, жан-жақты, бәсекеге қабілетті, ел болашағына үлес қосар оқушылар ретінде өсе берері анық.

WhatsApp Image 2022-01-16 at 22.19.00