Құрметті ата-аналар мен 6-сынып оқушыларының назарына!

«Назарбаев Зияткерлік» дербес білім беру ұйымы 2024–2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі.
Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.

Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» – «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.