Педагогикалық кеңес

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2023 жылғы 27-ші наурызда педагогикалық кеңес отырысы өтті.

Жиында мектеп әкімшілігі 2022-2023 оқу жылының ІІІ тоқсанындағы білім сапасы мен оқу үлгерімінің нәтижесіне талдау жасады. 

Бұдан соң «Жоғары-сапалы білім» және «Жаһандық азамат» түсініктері, «Буллингсіз мектеп» тақырыптары талқыланды. Білім беру мекемесінде болуы ықтимал «буллинг», «кибербуллинг», «вербалды буллинг» сияқты проблемалардың алдын алу мен болдырмау мәселелері туралы нұсқаулықтар таныстырылды. Оқушылар арасында мектептің психологиялық қызметі жүргізген сауалнама нәтижесіне талдау жасалынып, буллинг орын алған жағдайда жасалынуға тиісті іс-әрекеттер алгоритмі ұсынылды. Педагог қызметкерлер арасында психологиялық шағын тренинг өткізілді.

Кеңес шетелдік ЖОО-на  жазғы мектеп бағдарламаларына қашықтан қатысуға оқушылардың тізімін бекіту, 5-ші сынып оқушыларын виртуалды мектепке қабылдауды ұйымдастыру және өзге сұрақтарды талқылуамен қорытындыланды.