«Көңілді тапқырлар аламаны» – мектеп сахнасында

Өскемен қаласы NIS мектебінде шаңырақтар командалары арасында «Көңілді тапқырлар аламаны» сайысы ұйымдастырылды.

Оған «Марқакөл», «Жетісу», «Оқжетпес», «Түркістан», «Тұран», «Баянауыл», «Үшқоңыр» шаңырақтарының командалары қатысты.

Әр команда мектеп өмірі, сабақ оқудағы қиындықтар, оқушылар арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде әдемі әзілдер айту арқылы көрермендердің көңілін көтеруге тырысты.

“Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер” демекші, өнердің бұл ерекше әрі оңай емес түрін оқушыларымыз шебер меңгеріп, сахнада қойлымдарды нағыз әртістерден кем емес көрсете білді.

Әділ қазылар алқасының шешімімен, жүлделі орындар төмендегідей берілді:

Бас жүлде – «Оқжетпес» шаңырағының командасы;

1 орын – «Марқакөл» шаңырағының командасы;

2 орын – «Тұран» шаңырағының командасы;

3 орын – «Үшқоңыр» шаңырағының командасы.

Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясына екі оқушы лайықты деп танылды: Ақмырза Қасымов  және Илияс Муратов.

Шара көпшіліктің көңілінен шығып, дәстүрлі түрде өткізуге ұсыныстар жасалынды.