Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын өткізу ережесі

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. 

Құжат қабылдау 2024 жылғы 8 қаңтардан 10 ақпанға дейін жүргізіледі. Кешенді тесттер 2024 жылғы 28-29 наурыз күндері өтеді 

Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау үшін халықаралық стандарттарға сай және барлық үміткерлер үшін объективтілікті, әділеттілік пен теңдік қағидасын қамтитын конкурстық іріктеу жүйесі қолданылады. 

Зияткерлік мектептерге оқушыларды конкурстық іріктеудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігі валидациялық зерттеулермен (2016, 2020 жылдар) және 2022 жылы сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының (RCEC, Нидерланд) халықаралық аккредитациясынан табысты өтуімен расталды. 

Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге 7-сыныптарда оқуға грант тағайындайды.  

Гранттарды тағайындау кезінде Комиссия келесі көрсеткіштерді басшылыққа алады: 

  • оқыту тілдеріне сәйкес кешенді тестілеу нәтижесінде неғұрлым жоғары жалпы балл жинағандар саны; 
  • мектептердің жобалық сыйымдылығы.  

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қабылдауға үміткерлерді дайындау мақсатында ДББҰ келесі жобаларды жүзеге асырады: 

  • 5, 6 – шы сынып оқушылары үшін Виртуалдық мектеп (онлайн, ақысыз); 
  • Виртуалдық мектептің қорытынды тестілеуінен өткен оқушылар үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өтетін Каникулярлық мектеп (ақысыз); 
  • www.academia.kz сайтындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге қалай дайындалуға және өз мүмкіндіктерін бағалауға болады» онлайн оқыту курсы (ақылы); 
  •  Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында оқушыларды конкурстық іріктеуге байқау тестілеуі (ақылы). 

Жобалар туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтында «Үміткерлер» бөлімінен алуға болады. Бұл курстардан өту Зияткерлік мектептерге түсуге кепілдік бермейді. 

 

10 сұрақ НЗМ

Ескерту! 

Бүгінде елімізде 1900-ден астам дайындық орталықтары бар. Соңғы кезде оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына дайындауға қатысты кейбір білім беру қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдар мен жеке тұлғалардың өз сайттарында және жарнамалық материалдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми логотипін заңсыз қолдану мен дайындық тесттік тапсырмалар жинағын шығару оқиғалары жиі кездесуде, сондай-ақ конкурстық іріктеу шарттары мен Зияткерлік мектептерде білім алуға бөлінген гранттар саны туралы жалған ақпарат беруде. 

Осыған орай, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсуге дайындық қызметтерін ұсынып жүрген ұйымдармен, жеке тұлғалармен бірлесе жұмыс жүргізбейтінін ресми хабарлайды. 

Конкурстық іріктеудің шарттары және тапсырмалар үлгілері туралы толық мәліметті сіздер тек «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ www.nis.edu.kz ресми сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен ала аласыздар. 

 

 

 

6 сынып оқушыларының конкурстық іріктеу 2024 жылғы 28-29 наурызда өтеді.

Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі (әр мектептегі орын саны шектеулі).

Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Байқау тестілеуі ақылы негізде жүзеге асырылады (12 000 теңге).

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тест бөлімі Тапсырма саны Берілетін уақыт Максималды балл
1 Математика 40 тапсырма 60 минут 400
2 Сандық сипаттамалар 20 тапсырма* 10 минут 100
3 Жаратылыстану 20 тапсырма 30 минут 200
  ҮЗІЛІС   10 минут  
4 Қазақ тілі (бірінші тіл) 20 тапсырма 120 минут 200
5 Орыс тілі (екінші тіл) 20 тапсырма 200
6 Ағылшын тілі 20 тапсырма 200
Барлығы 140 тапсырма 3 сағат 50 минут

(үзіліс уақытын қоса алғанда)
1300

*Негізгі конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 20 тапсырма ғана беріледі.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2023-2024 оқу жылында 5 байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

Сынақ күндері Орындарды тіркеу және брондау мерзімдері
1 23 желтоқсан 2023 ж. 11-20 желтоқсан 2023 ж.
2 20 қаңтар 2024 ж. 25 желтоқсан 2023 ж. – 17 қаңтар 2024 ж.
3 3 ақпан 2024 ж. 22-31 қаңтар 2024 ж.
4 17 ақпан 2024 ж. 5-14 ақпан 2024 ж.
5 2 наурыз 2024 ж. 19-28 ақпан 2024 ж.

*Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында жүзеге асырылады. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОРЫН БРОНДАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілінің (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында тіркелуі.

2-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізу.

3-қадам. Орын брондау:

       – байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдау;

       – байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысу және келісу.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлеу (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсатнамасын жүктеп алу  (мектепке келу уақыты рұқсатнамада көрсетіледі).

 

Зияткерлік мектепке келу күні мен уақытын брондау

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды сақтау мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) Зияткерлік мектеп ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Мектеп территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа тұлғалар жіберілмейді.  

 

Онлайн брондау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу (веб-сайттардың тізімі төменде көрсетілген);
  2. «Үміткерлерге» / «Конкурстық іріктеу» бөліміне кіру;
  3. «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;
  4. Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

  1. Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;
  2. Брондауды растау;

  1. Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді. 

 

Өскемен ХББ   Қ.Сәтпаев даңғылы, 53   8 (7232) 71-27-22  ukk.nis.edu.kz

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

 

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш (жүктеу) беру;

2) Сауалнама (жүктеу) толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігі, үміткердің ЖСН-і, үміткердің жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясының талабы бойынша заңды өкілдер үміткердің азаматтығын растайтын құжатты ұсынуы міндетті.

4) үміткердің 6-сыныптың бірінші жартыжылдықтағы табелінің көшірмесі. Табель тиісті білім беру ұйымы басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі қажет.
Орта білім беру ұйымдарының 7– сыныбын толық аяқтаған үміткерлерге Зияткерлік мектептің осы сыныбына қайта оқу үшін үміткерлік құқығы берілмейді. Бұған білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының білім беру сыныптарынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушылары кірмейді;

5) Бағалау шкаласы мен білім беру бағдарламасында Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының бағалау шкаласынан және бағдарламасынан айырмашылығы бар шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер үлгерімі туралы табельге (бағалау транскрипті) қоса оқитын мектебінің бағалау шкалалары мен бағдарлама мазмұны түсіндірілген хатын тіркейді;

6) көлемі 3х4 см. үміткердің 1 МБ (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фототүсірілімін орындау.

Фотосурет қатаң түрде ашық фонда толық көлемде орындалады, бейтарап бет әлпеті және аузы жабық, онда бет фотосуреттің жалпы көлемінің 75% құрайды. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Суретке түсіру кезінде бас киімдер мен көзілдіріктерге жол берілмейді. Көздер ашық, айқын көрінеді және шашпен жабылмайды. Фотосуреттің көлемі кемінде 450 х 600 пиксель, ажыратымдылығы кемінде 600 пиксель/дюйм (dpi) болуы тиіс.
Барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз:
1) құжаттар бекітілген мерзімнен кеш берілсе;
2) құжаттар тізімі толық болмаса;
3) үміткердің заңды өкілі атынан берілген сенімхатсыз құжаттарды үшінші тұлға тапсырса.