Дильназ бен Мағжанның кезекті жеңісі

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Мағжан Сағынғанов пен Ділназ Сейлханова Woosong университетінің (Оңтүстік Корея) Solbridge Халықаралық бизнес мектебі ұйымдастырған «Жас ғалым» VI халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанды.
Ділназ 1-ші орынды (Алтын медаль), ал Мағжан 2-ші орынды (Күміс медаль) иеленіп, екеуі де аталмыш университетте оқуға грант ұтып алды. Ғылыми жетекшілері – Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Тусупжанов Айдын Елеусызович және Даулетханова Маулия Сейилхановна.
Биылғы жылы байқау бірінші рет қашықтықтан өтті. Оған 9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұндай байқаулар шетелде оқуға арманы бар оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.