Батырдың жеңісі

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Батыр Ержанұлы «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Галым-Проект» қоғамдық қорының қатысуымен ұйымдастырылған «International Brain Bee» World Championship халықаралық олимпиадасында 1-орынға иеленгені үшін сертификатпен марапатталды.

—Бұл олимпиада форматы жағынан ерекше, медицинаға жуық тақырыпта болды. 2023 жылы алғаш рет өтті. Мен үшін ұмытылмас тәжірибе болды,—дейді Батыр.

Олимпиада екі кезеңнен өтті: бірінші тур науқастың диагнозын анықтау; екінші тур теориялық, оған 40-60 сұрақтан тұратын тест және адам миының қызметі мен нейрогистологиялық бөлімдер бойынша ауызша сұрақтар енгізілді.

Олимпиада Астана қаласында «Nurorda» мектебінің базасында өтті.

Батырды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!