МЕКТЕБІМІЗДІҢ 11 “С” СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МҮШЕЛБАЕВ ӘЛЖАН МЕН 12 “С” СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ҚАЙЫРҚАНҰЛЫ ЕРАСЫЛ ШҚТУ-ДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ.

ШҚТУ-да студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың “Қазақстанның инновациялық дамуы – жастардың шығармашылығы” атты геолог-ғалым, ғылым ұйымдастырушысы және қоғам қайраткері, геология – минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының және КСРО Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті және Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушысы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Х Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

Дөңгелек үстел барысында спикерлердің қатарында болған Әлжан Мүшелбаев (ғылыми жетекшісі-информатика мұғалімі, техника ғылымдарының магистрі Садықанова Орынгүл Орымқанқызы) “ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ” атты жобасын таныстырды.

Қатысушылар өз жобалары туралы айтып, болашақ жұмыстарға жоспарларымен бөлісті және Қазақстанда ғылымды дамытуды талқылады.