Жатақхана жаңалықтары

“Галстуксыз кездесу” жобасы аясында Өскемендегі НЗМ информатика пәні мұғалімі, “Болашақ” бағдарламасының грант иегері Тілеудин Ерасыл Асқарұлы жатақхана тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесу барысында Ерасыл Асқарұлы жатақхана тұрғындарына қазіргі уақыттағы ең өзекті тақырыптардың бірі – кибербуллинг тақырыбында дәріс оқыды. Жатақхана тұрғындары кибербуллинг деген не, оның белгілері мен одан қорғану жолдары қандай деген сұрақтарға кездесу барысында толық жауап ала алды. Сондай-ақ қонағымыз “Болашақ” бағдарламасы және оған қатысу жолдары, кезеңдері мен мүмкіндіктері туралы толық баяндап берді.
Кездесу соңында оқушылар атынан құрметті қонаққа алғыс айтылып, естелік бұйым табыс етілді.

Жаңа оқу тоқсаны басталар тұстағы жақсы жаңалық!

Өскемендегі НЗМ жатақхана тәрбиеленушісі, 7 сынып оқушысы Шаяхмет Мансұр каратэ шинкиокушинкайдан Қазақстан чемпионы атанды. Қарағанды қаласында өткен ел чемпионатында Мансұр қарсылас шақ келтірмей, жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Біз өз оқушымызбен мақтанамыз және тек қана сәттілік тілейміз! Алға, Мансұр!

Айта кетерлігі, бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тәрбиеленіп жатқан оқушылар Мансұрды жарысқа сәттілік тілеп шығарып салып, жеңіспен оралған сәтінде қуана қарсы алды.

Жатақхана тәрбиеленушілері садақ ату орталығына барды

Жатақхана тәрбиеленушілерінің демалыс күніндегі бос уақытын көңілді әрі тиімді өткізу мақсатында қалада жаңадан ашылған “Скиф” садақ ату орталығына тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды. Орталыққа барған оқушылар ұлт тарихы туралы дәріс тыңдап, өзара мергендік сынасып, уақытты көңілді өткізді. Мергендік тегінде бар жауынгер халықтың ұрпағы білімде де, нысананы дәл көздеуде басқаларға дес бермейді.

«Ақ бата-асыл мұра»

     Наурыз айының екісі күні Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жатақханасында «Ақ бата-асыл мұра» атты ерекше шара өткізілді. Шара мақсаты қазақтың бата дәстүрін, сөз мәдениетін дәріптеу еді. Жатақхана тәрбиеленушілері арасынан 10 оқушы бата түрлерін суырыла жатқа айтып, бата беру үлгісін көрсетті. Бұл шараға қонақ болған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұрғанбаев Қанат Еділұлы кеш мазмұнын ерекше күйге бөледі. Ұлтымыздың сөйлеу мәдениеті мен сөз төркінін түсіне білуге байланысты, бата берудің түпкі мәнісі жайлы керемет, терең ойларын ортаға салды.  Әрбір бата берушілерге жекелей талдау жасалынып, шара соңы Қанат Еділұлының орындауындағы Ұлы Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен аяқталды.

Құрмет көрсету шарасы.

     Ұлы отан соғысының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиеленушілері Үлбі кентінде орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушы, «Алтын жұлдыз» медалінің, Ленин орденінің иегері атанған Ізғұтты Айтықовтың ескерткішін қардан тазалап, гүл шоқтарын қойды. І.Айтықов – ШҚО, Ұлан ауданы Скалистое (қазіргі І.Айтықов) ауылының тумасы.  Мемориал орнатылған жерден Айтықов атындағы көше басталады. Мектебіміздің оқушылары ерікті түрде осындай игі шараларға  қатысуды дәстүрге айналдырған.

Тынығудың тың түрі

    Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақхана Кеңесінің  ұйымдастыруымен  релакс-бөлмесінің салтанатты  ашылуы болды. Енді кез-келген жатақхана тәрбиеленушісі қалаған уақытында бұл жерге келіп тыныға алады. Бөлмеге кірген оқушы бұлбұл құстардың үнін, аққан бұлақ сылдырын естіп, табиғатта жүргендей әсер алады.   Релакс-бөлмесінде тәрбиеленушілерге психология саласында трендке айналған лотос, раушан гүлі, мифтік алтын гүлмен сәйкес келетін мандалалар дайындалған. Мандалаларды бояу кезінде жатақхана тәрбиеленушілерінің шығармашылық көңіл-күйлері қалыпқа келіп, саналарының белсенділігі артады. Балалардың бақылаулар алдындағы қобалжуларын, стресс деңгейлерін төмендетуге бұл бөлменің пайдасы зор.

Тіс күтімін қазірден баста

    28 қараша күні медицина қызметкерлері Өскемен қаласы НЗМ жатақхана тәрбиеленушілеріне мектеп тіс дәрігері А.М. Жабелов пен мед.бике Г. Жанпеисовамен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында мамандар стоматологиялық кабинеттің құрал-жабдықтарымен таныстырды. Тәрбиеленушілер стоматологиялық көмек көрсету кезіндегі емдеудің замануи әдіс-тәсілдері, арнайы жаңа қондырғылары туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады. Асан Мейрамғазыұлы балаларға тіс күтімі ережелері, тіс жегісіне әкеп соғатын азық-түліктер жайлы айта кетіп, сау және әдемі күлкіні ұзақ сақтау үшін тіс дәрігерінің көмегіне жиі жүгіну керектігін түсіндірді. Кездесу соңында қатысушыларға ұсыныстар кітапшасы таратылды. Өз кезегінде жатақхана тұрғындары алғыс сөздерін білдіре отырып, тіс саулығына бей-жай қарамай, уақытылы емдеу шараларын жасаймыз деп сөз берді

   Қараша айының 5 жұлдызында Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана Кеңесі Президентінің дәстүрлі сайлауы өтті. Сайлауға жатақхана ұжымы мен тәрбиеленушілері түгел қатысып, қорытынды бойынша дауыстың 43 пайызына ие болып, Имбергенов Арсен Президент атанды. Жатақхана Кеңесі Президентінің лауазымына ресми түрде кірісу рәсімі ретінде Президент инаугурациясы болды. Салтанатты рәсім барысында Имбергенов Арсен жатақхана ұжымы мен тәрбиеленушілеріне ант берді. Өткен оқу жылында Жатақхана Кеңесінің Президенті міндетін атқарған Махамбет Ислам жатақхана Президентінің төсбелгісін тапсырды.

Ұстазға құрмет

1 қазан 2019 ж. қарттар күні жəне ұстаздар мерекесіне орай жатақхана тәрбиеленушілері мектебімізге еңбегін сіңірген, қазіргі уақытта зейнетке шыққан ардагер ұстаздарды назардан шығармай мерекемен құттықтады. Кездесуге Шакура Зарыкбаевна Ермекбаева, Адия Акаевна Токбаева, Қарлығаш Нугумановна Амиргазина келіп тәрбиеленушілердің тарапынан қойылған бір топ сұрақтарға жауап беріп, қызыққа толы мектептегі ұстаздық сәттеріне қайта оралғандай әсер алды. Жатақхана өмірімен жақынырақ танысып, жас аспаз үйірмесі қатысушыларымен ұйымдастырылған тәтті дастарханнан ауыз тиді. Кеш соңында жатақхана тәрбиеленушілері өз қолдарынан жасаған сыйлықтарды сыйға тартты.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

 

     Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының тұрғындары 1 қазан – «Қарттар күніне» орай ерекше шара ұйымдастырды. Оқушылар Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан Қарттар үйімен байланыс орнатып, мемелекет қарамағындағы ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды айтулы мерекелерімен құттықтады. Құс қанаты талар алыс жол болса да, жатақхана оқушылары қарттардың қажеттілігіне жарайтын сыйлықтарын дайындап, 500 шақырым жерде орналасқан ауылға ыстық лебізін жолдады. Оқушылар 48 ата-әжеге арнап жылы заттар, шұлықтар, жұпар иісті гигиеналық құралдар дайындап сәлемдемелерін жолдады. Тек бұл емес, балалар мереке иелеріне арнап бейнеролик түсіріп, өздерінің ең жылы тілектерін жеткізді.

01.10.2019 ж

«Қош келдің 7 сынып»

Жатақхана жанұясына жаңадан келген 7 сынып тәрбиеленушілеріне арнап «Қош келдің 7 сынып» атты мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты тәрбиеленушілер арасында ынтымақтастық орнатып, 7 сынып оқушыларының бейімділігін арттыру болған еді. Қызықты ойындар ойналып, 7-сыныптардың өнерлері ортаға салынған шара соңында әрқайсысының аты жазылған құлақбастар сыйға тартылып, тәрбиеленуші билеті тапсырылды. Тағы да, Қош келдің 7 сынып!

«Артық болмас білгенің»

Әр адам өз бетінше ерекшеленеді, әрбірінің сүйікті ісі бар. Бұндай қасиет біздің ата-аналарға да жат емес. Олардың өз істеріне жатақхана балаларын үйретуі бұндағы «Артық болмас білгенің» атты жаңа жобаның туындалуына алып келді. Жатақхана тәрбиеленушісі Қалиев Әміржанның анасы Сағындықова Сауле Даулетхановна 21 қыркүйек күні біздің балаларға «Дамские пальчики» тортын жасауды, салмасына крем дайындауды үйретті. Өз қолдарымен жасалған тәтті десертпен шәй ішу рахаты балалар үшін ерекше болды. Аспаздық шеберліктерінен керемет әсер алған тәрбиеленушілер қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Келесі қонағымыз кім болар екен? Оны алдағы уақытта білетін боласыздар….

Жатақханадағы демалыс күні

    Жатақхана тәрбиеленушілері демалыс күндеріндегі бос уақытын қалалық этнопарк пен Ертіс жағалауындағы Ғашықтар Аллеясында өткізді. Таза ауадағы серуен балалар үшін тиімді болды. Велосеруен жасау барысында оқушылар «Жеңіс» мемориалды кешенімен, сарбаз-интернационалистер ескерткіші сияқты қаланың көрікті жерлерімен таныс болды. Өздері терген шырша жаңғақтарын «Осеняя мозайка» көрмесінде табиғи материал ретінде пайдаға жарата білді.

Өз үйірмеңді таңда!

     Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үйірмелер жәрмеңкесінің өткізлуі дәстүрге айналды. Биылғы оқу жылында жаңадан келген және 7 сынып оқушылары үшін: аспаздық «Жас аспазшы», кәдесыйлық «Soap fantasy», қолөнерден «Декор», шахматтан «Белая ладья», домбыра «Мұрагер» үйірмелері ұсынылды. Іс-шараны мектеп директоры Ж.О.Ерниязова ашып, оқушыларға шығармашылық табыс тіледі. Жоғары сынып оқушылары аялдамалар бойынша саяхат өткізді, олардың әрқайсысы үйірмелер мен шығармашылық шеберхананы жарнамалады.
     Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған 7 «D» сынып оқушысы Асланова Аружаның анасы Мамырбаева Жайна Бақытбековна: «Барлық үйірмелердің жетекшілеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді! Сіздер балаларға олардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесесіздер. Менің жатақханада баламның дамуына үлкен мүмкіндіктер бар екеніне өз көзімен көріп, ерекше әсер алып, өте қуанышты сезімдемін», – деп алғысын білдірді.
     Үйірмелер жәрмеңкесі «Жас аспазшы» үйірмесіндегі балалардың өздері әзірлеген тәтті бәлішпен шай ішуімен аяқталды. Таңдау оқушылардың қалауында қалды. Алдағы уақытта, өз шығармашылықтарын қайырымдылық жәрмеңкелер мен мектеп көрмелерінде көрсете алады.
17.09.2019ж

Дебат. Латын әліпбиіне көшу заман талабы

        Тұңғыш президент күніне арналған 29 қараша күні мектептің жатақхана оқушылары арасында “Латын әліпбине көшу заман талабы ” атты дебат турнирі өтті. Оның ұйымдастырушысы-   жатақхана тәрбиешісі, интеллектуалды ойындар координаторы, тарихшы  Қанапина Нейля Бауржанқызы. Әділ қазылар алқасына төрелік еткен -қазақ тілі пәні мұғалімі, дебат турнирінің координаторы Қанат Еділұлы және әділ қазылар алқасының мүшесі  11 С сынып оқушысы Өмирханов Али. Дебат ойынын жүргізген-9В сынып оқушысы Байдуан Аружан. “Латын әліпбине көшу заман талабы ” атты дебат турнирінде спикерлер Үкімет және оппозиция болып 2 топқа бөлінді.10D сынып оқушысы Айтқазинова Перизат, 10Е сынып оқушылары Төлеужан Нұрбол, Нұрланова Айдана  Үкімет тобында, 9 В сынып оқушысы Қалиев Әміржан, 10D сынып оқушылары Мырзабек Инабат,  Маукен Алмас Оппозиция тобында ойнады. Екі команда да жақсы аргументтер, мықты дәлелдер келтіріп өз позицияларын қорғап шықты. Үкімет тобы ұйымшылдығымен көзге түсті. Екі топ та регламент, сөйлеу тазалығы, сұраққа жауап жағынан  тең болды.. Аргументтер келтіруі, дәлелдермен негіздеуі жағынан Үкімет мүшелері басым түсіп жеңіске жетті. Оппозиция мүшесі  Маукен Алмас  үздік спикер атанды. Дебат турниріне  көрермен ретінде Зияткерлік мектептің жатақхана меңгерушісі  Усенова Анар Увалихановна, тәрбиешілер және оқушылар қатысты. Көрермендердің қызығушылығы оянып,  тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін білдірді.  Еліміздегі рухани жаңғыру, саяси серпіліс-қазақ әліпбиін кирилицадан латын әліпбиіне    көшуіне қатысты оқушылардың саяси санасы оянды.

 

 

Мамандық – өмір таңдауы

     Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдаудың ережесі бола ма? Болашақта қандай мамандық иесі боласың?  деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі, әсіресе 7-8 сынып оқушылары нақты жауап бере алмайды.  Сол себепті Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-8 сыныпта оқитын жатақхана тәрбиеленушілеріне мектебіміздің кәсіби бағдарлау консультанты  Еркін Әміре Мерғазыұлымен арнайы  кездесу ұйымдастырдық. Кеш қонағы мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторлар мен дұрыс шешім қабылдаудың сырымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл – кеңесін айтып, оқушыларға құнды ақпарат беріп қайтты. 

Жаныңда жүр жақсы адам…

     Қаңтар айының 17 жұлдызында жатақхана тәрбиеленушілері мен актер, шоу-мен, тәрбиеленуші Асетова Аринаның ағасы –  Асетов Талғатпен кездесу болып өтті.  1998 жылы түсіріліп, атақты Канн фестивалінде аты ерекше аталып өтілген «Киллер»  фильмінде басты рөлді сомдаған Талғат мырза біздің зияткер оқушыларымызға көптеген пайдалы ақпараттар бере алды. Өзінің жан-жақтылығымен балаларды баурап алған кеш қонағы құр қол келмей, жатақхана оқушыларына арнап гитарамен ән  шырқап, балалардың ерекше ықыласына бөленді. Өнеріне тәнті болған оқушылар  Талғат мырзамен  қосылып, гитараның сүймелдеуімен ән салып,  қош айтысты.

Мектеп жатақханасындағы ата-аналар жиналысы

     2018 жылдың 1қыркүйек күні Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жатақханасы оқушыларға өз есігін ашып, жаңа оқу жылының бірінші ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиынға 95% ата-ана қатысты.
     Жиналыста мектеп директорының орынбасары Мұхтарханова Г.Т. алғы сөз сөйлеп, ата-аналарды жаңа оқу жылы мерекесімен құттықтап, мектеп жатақханасында тұру ережелері мен тәртібі жайлы тағы бір мәрте айтып кетті. Келесі сөзді жатақханамыздың меңгерушісі Усенова Анар Увалихановна жалғап, жатақханамыздың ішкі тәртібі мен ережелеріне жекелей тоқталып, ата-аналарды толғандырған сұрақтарына жауап беріп, жиналыс аяғында топ тәрбиешілерімен таныстырды.

«Жатақхана үйірмелері» жәрмеңкесі

     Қыркүйек айының 17-сі күні мектебіміздің жатақханасында «Жатақхана үйірмелері» жәрмеңкесі өткізілді.
     Үйірменің ашылу мақсаты: “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының стратегиялық мақсатын жүзеге асыруда жатақхана оқушыларының коммуникативтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, әлеуметтік белсенді, әлеуметтік бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру. Алдағы уақытта біздің жатақхана оқушыларың жан-жақты дамыған Отанын шын сүйетін нағыз патриот, мәдениетті, тәрбиелі және білімді азамат болып шығуын қамтамасыз ету.
     Жатақханамызда «Толағай» айтыскер ақындар үйірмесі, «Белая ладья» шахмат үйірмесі, Тоғызқұмалақ, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі, «Жас аспазшы» үйірмесі, «Мұрагер» домбырашылар үйірмесі, «Умелые ручки» сән үйірмесі,«Жас фотограф», «Florist» жас бағбандар атты жатақхана тәрбиешілерінің жетекшілігімен ашылған үйірмелерінің көрмесі өтіліп, жатақхана оқушыларына өз қалаулары бойынша таңдау құқығы берілді. Атап айтсақ, «Жас аспазшы» үйірмесінің мақсаты жасөспірім қыздар көп уақыт мектеп жатаханасында тұратындықтан бұл үйірменің жетекшілері анасының орнына ана болып, ас мәзірін дайындап үйретуді қолға алғалы 1 жыл толды. Осы уақыт аралығында қыздарымыз әртүрлі тағамдар жасай білудің сырын түсінді. «Толағай» айтыскер ақындар үйірмесінің мақсаты: жатақханадағы дарынды оқушыларға қазақтың айтыс өнерін, ұлттың қолтаңбасын, өмірдің стилін меңгертеді. Айтыс өнеріне, жазба ақындыққа қызығушылық танытып жүрген оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. «Белая ладья» шахмат мен Тоғызқұмалақ үйірмелері оқушылардың ойлау қабілеттерінің жылдамдығын арттырып, логикалық қабілеттерін, ой – санасын жетілдіруге арналса, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің мақсаты: оқушларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы,өздігінен еңбек етуге дайындауда іскерлігін арттыруды көздейді. «Мұрагер» домбыра үйірмесінің мақсаты: ұлттық құндылықты дәріптеу болып табылады. «Florist» жас бағбандар үйірмесі оқушыларды бос уақытында пайдалы қызметпен айналысуы мақсатында, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру айдарында ұйымдастырылады. Үйірменің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының бойындағы экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру, бөлме өсімдіктерін өсіру мен күту дағдыларын жетілдіру.
     «Жас фотограф» үйірмесінің мақсаты: оқушыларды заманауи технологияларды жан-жақты қолдану. «Умелые ручки» үйірмесі қыздарды әдемілікке тарту жолындағы эстетикалық сән үлгілерін сақтауға үйрету екендіктері айтылып, әр үйірме жан-жақты толық ауқымда таныстырылды. «Жатақхана үйірмелері» жәрмеңкесі арнайы құрылған бағыт бойынша талапқа сай ұйымдастырылды.
     Қосымша білім беру саласы бойынша жатақхана тәрбиеленушілері өздеріне мол мағлұмат алып, үйірмелерге жазылды.

Германиялық қонақтар жатақханада

     Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 24-27 қыркүйек аралығында Риза қаласындағы Вернер Гейзенберг атындағы гимназия өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында болып қайтты. Алдағы төрт күнде алыстан келген қонақтарымызға мектеп жатақханасы екінші үйлеріне айналды. Әр минуты жоспарланған қонақтар мектебімізде өтетін оқушылардың ТЕДх конференциясына, әртүрлі мектеп шараларына қатысуға мүмкіндік алып, «Киіз басу», «Робототехника», «Техникалық модельдеу» үйірмелерінің жұмыстарымен танысты. Ал, кешкі уақыттарын қызықты өткізу мақсатында жатақхана қызметкерлері мен тәрбиеленушілері танысу кешін ұйымдастырды. Есіктен кіре сала шетелдік азаматтарды тәрбиеленушілерден құралған домбыра оркестрі қарсы алып, қонақтарымыз ұлттық тағамдармен лық толған кең дастарханға жайғасып, «Арыс жағасында» атты әнімізді бізбен бірге қосылып шырқады. Қазақтың қонақжайлығына тәнті болған достарымыз «Ғlorist», «Шебер қолдар», «Белая ладья», «Мұрагер» сынды жатақхана үйірмелерімен де танысып шықты. Кеш соңында достық белгісі ретінде жатақхана тәрбиеленушілерінің өз қолдарымен жасалған бұйымдары сыйға тартылды.

Жатақханамызға 1жыл толды

    Ия, тәрбиеленушілерімізді бір үйдің баласындай еткен ыстық ұя – жатақханамыздың ашылуына да биыл бір жыл толды. Осыған орай жатақхана оқушыларының өзін-өзі басқару йымының ұсынысымен қыркүйек айының 14-і күні «Біздің туған күн» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. КВН шоу форматында дайындалған шараға оқушылар аса қызығушылықпен ат салысты. Би кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ арнайы мерекелік дастархан жайылып күнделікті мәзірден ерекше кешкі ас ішілді. Осындай позитивті көңіл-күймен жатақхан тәрбиеленушілері, тәрбиешілер болып туған күнімізді атап өттік.

Жатақханамызда Президент сайлауы өтті

     2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында Жатақхана өзін-өзі басқару ұйымының Президентінің сайлауы өтті. Сайлауда жатақхана оқушылары мен педагогтары өз дауыстарын берді. Президент болуға бес оқушы өздерінің кандидатурасын ұсынды. Нәтижесінде: Бақтиярова Амина (9С сынып оқушысы)– 12%, Закуханова Дильназ (11С сынып оқушысы)- 15%, Зейноллинов Санжар(11С сыныс оқушысы )– 20 %, Мэлисов Адильхан (11В сынып оқушысы)– 23 %, Маукен Алмас (11D сынып оқушысы) – 37% дауыс жинады.
     Сайлау қорытындысы бойынша жатақхана Президенті болып Маукен Алмас сайланды.
Қыркүйек айының 21-і күні жатақханамызыдың ашылғанына 1 жылдық мереке қарсаңында, Жатақхана Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі ретінде Президент инаугурациясы өтті. Салтанатты рәсім барысында Маукен Алмас жатақхана ұжымы мен тәрбиеленушілеріне ант берді. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Есмуратұлы Мирас жатақхана Президентінің төсбелгісін тапсырды.

     «Жаңарған», «жасарған» бүгінгі қазақ қоғамын «КВН-сіз» көз алдыңызға елестету қиын. Жас біткеннің басым бөлігі осы ойын десе ішкен асын жерге қойып, көз айырмай тамашалайтыны белгілі.Осындай күлкі мен әзілге толы КВН ойынына жатақхана тәрбиеленушілері де үлкен қызығушылықпен қатысады.
Оқушы өмірі алаңсыз, сылдырлап аққан бұлақтай таза өмір белесі ғой. Сол оқушылардың жатақханада өтіп жатқан өмірінің қызықты сәттері жайлы не білеміз?
2018 жылдың 23-наурызында жатақхана оқушылары арасында «Ыстық ұям-жатақхана» атты КВН болды. КВН-ға 2 команда, яғни «Көктемнің гүлдері» және «Жаннат апайдың жүгірмектері» командалары қатысты.
     Жайдарманшылар көріністеріне жатақханадағы оқушылардың өмірі жайлы, бастан кешкен қызықты оқиғалары арқау болған. Екі топтың да идеа, қойылымдары өте сәтті шықты. Образға ену, көркемдігі жоғары деңгейде болды. Тоқсандық жиынтық бағалауға дайындыққа, уақыттың тығыздығына қарамастан оқушылар КВН-ға дайындалып, қатысып, керемет қойылымдар қойды. «Ыстық ұям-жатақхана» атты КВН көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

Дебат.

     Жатақханамыздағы «Дебат» клубының негізгі мақсаты- оқушылардың коммуникативті қасиеттерін, шешендік өнерін дамыту, өз ұстанымын білім мен логикалық ойлау негізінде тұжырымдау, оқушыларды кез-келген мәселені талқылауға және мүмкін болатын стратегиялық шешім ұсынуға тарту. Дебаттың тарихы сонау Грециядан бастау алады. Ол онда демократияның негізгі элементі болған. Дебат логикалық және сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырады, өз ойыңды басқаруға дағды, өзіне деген сенімділікті күшейтеді, әр- түрлі дерек көздерінен ақпараттарды табу, салыстыру, талдау жасай алуға үйретеді. Спикерлер көпшілік алдында сөйлей алуды ғана емес, басқаларды тыңдай білуге де үйретеді. Дебат қазіргі қоғамда сәтті өмірге қажетті білім мен дағды алуға көмектеседі. Адамдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

     Тұңғыш президент күніне арналған 29 қараша күні мектептің жатақхана оқушылары арасында “Латын әліпбине көшу заман талабы ” атты дебат турнирі өтті. Оның ұйымдастырушысы- жатақхана тәрбиешісі, интеллектуалды ойындар координаторы, тарихшы Қанапина Нейля Бауржанқызы. Әділ қазылар алқасына төрелік еткен -қазақ тілі пәні мұғалімі, дебат турнирінің координаторы Қанат Еділұлы және әділ қазылар алқасының мүшесі 11 С сынып оқушысы Өмирханов Али. Дебат ойынын жүргізген-9В сынып оқушысы Байдуан Аружан. “Латын әліпбине көшу заман талабы ” атты дебат турнирінде спикерлер Үкімет және оппозиция болып 2 топқа бөлінді.10D сынып оқушысы Айтқазинова Перизат, 10Е сынып оқушылары Төлеужан Нұрбол, Нұрланова Айдана Үкімет тобында, 9 В сынып оқушысы Қалиев Әміржан, 10D сынып оқушылары Мырзабек Инабат, Маукен Алмас Оппозиция тобында ойнады. Екі команда да жақсы аргументтер, мықты дәлелдер келтіріп өз позицияларын қорғап шықты. Үкімет тобы ұйымшылдығымен көзге түсті. Екі топ та регламент, сөйлеу тазалығы, сұраққа жауап жағынан тең болды.. Аргументтер келтіруі, дәлелдермен негіздеуі жағынан Үкімет мүшелері басым түсіп жеңіске жетті. Оппозиция мүшесі Маукен Алмас үздік спикер атанды. Дебат турниріне көрермен ретінде Зияткерлік мектептің жатақхана меңгерушісі Усенова Анар Увалихановна, тәрбиешілер және оқушылар қатысты. Көрермендердің қызығушылығы оянып, тақырыпқа байланысты өз ой-пікірлерін білдірді. Еліміздегі рухани жаңғыру, саяси серпіліс-қазақ әліпбиін кирилицадан латын әліпбиіне көшуіне қатысты оқушылардың саяси санасы оянды.

Спорт – денсаулық кепілі

           Кез-келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық- басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі»- деген сөздердің мәні тереңде жатыр.

     «Мемлекетіміздің басты байлығы- ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз.

     Денсаулық – адамның ең қымбат дүниесі. Сол себепті денсаулықты нығайту үшін үнемі спортпен шұғылданып жүруіміз қажет. Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері спорттың адам өміріндегі алатын орнының ерекше екендігін жақсы біледі. Біздің балалар күн бойындағы жүктемелерінің ауырлығына қарамастан, спортпен айналысуға міндетті түрде көңіл бөледі. Мысал  үшін, жатақхана тәрбиеленушілері таза ауада серуендеу кезінде конькимен сырғанайды, аптаның әр сейсенбісі мен бейсенбісінде спорт залында футбол, воллейбол ойнайды. Ал ұлдарымыз болса, жаттығу залына баруды қатты ұнатады. Біздің тәрбиеленушілер спортпен айналысатын адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болатынын өз тәжірибелерінен білетіндіктен, сіздерді де спортпен белсенді айналысуға шақырады.

Менің бауырым

    21 қыркүйек күні жатақхана оқушылары досыңа көмек беру, қолдау мақсатында ойластырылған «Менің бауырым» әлеуметтік жобасына қатысты. Демалыс күндерін пайдаланып жатақхананың 12 оқушысы тәрбиешілер Тоқтарова А.Т мен Дюсупова Ж.Н жетекшілігімен мектеп оқушысы Темирханов Ерасылға Солнечное кентінде картоп қазуға қол ұштарын берді. Бұл жұмысқа біздің балалар аса ынтамен кіріскен еді. Екі сағаттық белсенді жұмыстан соң 15 қап картоп өнімі дайын болды. Еңбекшіл зияткерлерді Ерасылдың анасы Ермекова Гаухар Еркінқызы дәмді бауырсағымен, тәтті кампотымен сыйлады. «Балалар өте ұйымшыл, еңбекқор екен, адамгершіліктері мол зияткерлерге рахмет, Ерасылға қол ұштарын бергенге разымын» деп өз ризашылығын білдірді. Жатақханаға қайтып келген соң балалар күндізгі жұмыстың қызықты сәттерін еске ала отырып, осындай шаралардың оларды бір-бірімен ынтымақтастыруға акеліп, өмірлік қажеттіліктерге үйрететінін айтысты. Бұл жобаны жалғастыруға деген тілектерін білдірді.

Қызықты ойын

Тілдер мерекесіне орай жатақхана тәрбиеленушілері арасында тәрбие сағаты квест ойыны түрінде өтті. Ойын барысында балаларға логикалық ойлау сұрақтары, жылдам ойлануға арналған тапсырмалар ұсынылды. Әр тапсырманы орындауда балардың қызығушылығы байқалып, келесі тапсырманы орындауға ұмтылыстары артқаны көрінді. Топ мүшелері бар ынтасымен қатысты.