Ата-аналарға

 

 

Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жатақханасы ашылды.

     Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жатақханасы ашылды. Алыс мекенжайдағы балаларға арналған 120 жатын орынды жатақхана. Әр бөлме төрт адамға арналған.

     Оқушыларға үйдегіге жақын өмір сүру жағдайы жасалған. Заманауи құрылғылармен қамтылған медициналық бөлме; заманауи телекоммуникациялық желі, атап өткенде, wi-fi желісі өткізілген, демалыс бөлмелеріне компьютерлер қойылған. Жатақханада «Мұрагер»домбыра үйірмесі, «Жас фотогроф» үйірмесі, «Умелые ручки» қол өнер үйірмесі, шахмат үйірмесі, «Адам және химия» үйірмесі және «Қоғамға көмек көрсету» жобасы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Өркен» білім грантына тағайындау бойынша байқаудан өту мақсатында емтиханға дайындап, көмек көрсетеді. Сонымен қатар оқу холы, демалу, кино көру холы, ас бөлмесі, киім жуу бөлмесі бар.

     Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектеп-жатақханасы – бұл өз бетімен өмір сүруге, білім алуға, басқалармен қарым-қатынас жасауға, өз қабілетін жетілдіруге арналған тамаша жағдайлы орта. Одан басқа өзін-өзі тәрбиелеуге және көпшілікпен тіл табыса білуге, сонымен қатар өзін және өзгені бағалай білуге, тәртіп пен тазалыққа үйренеді. Ең маңыздысы, жатақхана-қиындығы мен қызығы мол, балалық өмірден ересек жасөспірім кезеңге ұласатын мызғымас достық сезімінің қалыптасатын ортасы.