Оқушылардың мектеп шаралары туралы эсселері

 

Ұлы даланың ақ сұңқары – Сәкен Сейфуллин

8 қараша күні өткен қойылым Сәкен Сейфуллин атамыздың атын жүректерімізде жаңғыртты. Алаштың сұңқары атанған тұлғаның 125 жылдығына арналған бұл концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Оның ішінде мен де бармын. Театрланған музыкалық кеште Сәкен Сейфуллиннің өз заманындағы көзқарастарын, елінің тәуелсіздігі үшін күресуін тереңдей қарастыра аламыз. Осы кештің бір ерекшелігі – мектеп қойылымына ат-аналардың және ұстаздардың қатыса алуы. Олар шеберлікпен өз кейіпкерлерін ойнап шығып, көрермендерге зор әсер сыйлады. Жалпы, қойылым Сәкеннің «Әкенің үміті» атты көрінісінен басталды. Ол аманатқа толы бөліктерден тұрып, менің жүрегімді елжіретті. Кеш «Бірлік» атты көрініспен жалғасты. Осы эпиозодтан мен қазақ елінің азаттығы үшін күрестің бастауларын және «Қос арыстың» бірі Мағжан Жұмабаевтың да өмірімен таныстым. Ақынның қасіретімен басталған қойылым Сәкеннің жұбайымен соңғы кездесуімен аяқталды. Бұл эпизод оқушылар үшін үлкен тарихи азыққа айналды. Менің ойымша, бұл қойылымның өткізілуі мектеп ұжымына қазақ елінің бастан кешкенін қайта тірілтуге, ақындарымыздың шығармашылығы мен өмірімен қызығуға түрткі болды. Осыны әнші оқушыларымыздың ынтамен «Туған жер» әні мен «Кел, жігіттер!» өлеңін орындауынан көре аламыз.

8 С сынып оқушысы Тлеубекова М.

 

Қарты бар елдің – қазынасы бар

Ұлттық қарттар күні қазан айының біріне арнап белгіленген. Үлкенге құрмет көрсету,  кішілерге қамқор болу ата –бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарды сыйлау, қадірлеу, олардан тәлім-тәрбие алу бәріміздің міндетіміз болып табылады. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қамиетімізді қалыптастыруға көзделген. Ал біз аяулы да ардақты қарттарымызды бұл мерекемен қалай құттықтадық?

НЗМ мектебінің қалыптасқан дәстүрі бойынша жаңа оқуға түскен 7 сынып оқушылары бірінші қазан күні жасы үлкен ата-апаларымызға арнап қайырымдылық концерт ұйымдастырды. 2019 жылдың бірінші қазанында біз, яғни 7 сыныптар аралығында қарттар күніне орай мерекелік концерт кешін өткіздік. Осы мерекеге менің атам мен әжем қонақ ретінде менің өнерімді тамашалады. Сонымен қатар, мен қарттар үйінен шақыртылған ата-әжелерді көргенде олардың жүзінен қуанышты ризашылықтарын көрдім. 7А мен 7С сынып оқушылары кең жүректі аталарымызға, ақ жаулықты апаларымызға арнап өлең шырқады. 7В мен 7D сыныптары қарттарды әсем билерімен тамашалатты. Жалпы бірінші қазан ата-әжелерімізді қуанышқа бөлеген күн болды.

Мектептерден тыс мемлекет тарапынан да, қарапайым халықтан да осындай кең жүректі мейірімді адамдарға қолдау көрсетілгені игі іс болушы еді. Біріншіден бүгінгі таңда елімізде 67 қарттар үйінде 35 мың жетім қарт отыр. Бұл әрине қуантарлық жайт емес. Әке-шешелерге және де ата-әжелерге күнделікті қамқорлық жасау көп жастардың қолынан келе бермейді. Шыны керек кейбір әділетсіз адамдар қарттарды саны күннен күнге өсіп келе жатқан үйлерге тапсыруда. Бұл бұрын соңды қазақ халқының қанында болмаған жайт. «Бүгінгі бала – болашақ әке, бүгінгі әке – келешек ата» деп бекер айтылмаған. Екіншіден, «қартайған ата марқаяр – қанат жазып қызы өссе, қартайған ата марқаяр – халыққа жағып ұлы өссе», демекші. Сондықтан біз, қазақ халқының ұл мен қыздары қарияларымызға қолайлы жағдай жасау керекпіз. Мысалы: қоғамдық орындарда үлкенге құрмет  көрсетіп, орынымызды беріп, ауыр жүгін көтерісіп т.б. көмектерін орындауымыз шарт.

Қорытындылай кетсем, «жас жүрген жер – мереке, қарт жүрген жер – береке». Мен әр үйдің шаңырағында қарияларымыздың болғанын қалаймын. Қарттарымыздың бүгін бар, ертең жоқ екенін ұмытпауымыз қажет.

 

Сеиткумарова Жансая 7С сынып оқушысы

Қайырымдылық – адам жанының нұры

Қайырымдылық – ізгілік пен сыйластықтың түйініндегі ең асыл қасиет.  Әлемді жабайлық пен қатігездіктен сақтап тұрған бұл ізгі қасиеттің адам баласына  үйретері де, берері де мол. Он екі мүшесі сау адам қара бас ханмен тең деп білетін халқымыздың адамзатқа деген жомарттығы мен ізгілі әр уақытта көрінуі тиіс.Сондықтан, зияткерлік мектептің зиялы оқушылары ретінде бізде Сол жақ жағалауладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп интернатындағы балалармен өз жұмысымызды жалғастырып келеміз.

Сол жағалауладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп интернатының тәрбиеленушілері әр сенбі және сәрсенбі күндері біздің Назарбаев Зияткерлік мектебіне келіп, оқушылармен «Қоғамға қызмет етемін» жобасы негізінде жұмыс жасайды.  Өмірді басқаша елестетіп, басқаша көзқарас қалыптастырған еш кінәсіз  бұл балалар бізбен жұмыс істеу  барысында шаттық пен қуанышқа бөленіп қалады. Әр келген сайын бұл балалармен  теннис, шахмат, воллейбол сияқты ойындар ойнау барысында олардың қабілеттерін байқаймыз. Бұл олардың қабілеттері ғана емес, арманмен қол ұстасуға жетелейтін алтын көпірлері деп айтса да болады. Сондай-ақ, олардың туған күнін анықтап  түрлі шаралар ұйымдастырып, құттықтаулар өткізіп,  шағын сыйлықтар береміз.Қызықты тәжірибелер көрсете отырып,  олардың болашаққабіздің көмегімізбен бір қадам болса да, нақты әрі сенімді жасауға қол ұшын беріп келеміз.Балалардың жүрегіндегі үміт оты, алдарындағы мейірімге толы деп білетін өмірге деген мақсат, жүздеріндегі жылу, тіпті айналасына деген әлсіз қорқынышта біздерді олармен жұмыс жасауға, жақсы қарым-қатынас орнатуға жетелеп келеді. Оларда жоқ деп есептелінетін мүмкіндіктерсіз-ақ өмірге бар күштерімен еніп келеді. Бірінің арманы шахмат жеңімпазы болу болса, енді бірі теннистан чемпион атанам деп асқақ армандарына жету үшін тырысып келеді. Біреуге жамандық жасайын депте, біреудің кемшілігін көрейін депте, біреудің қатесін  түзейін деп те жанталаспайтын бұл балалардың бізге де үйреткендері көп. Өзара қарым-қатынас олардың өмірге деген сенімдері мен құлшыныстарын арттырса, біздің қолда барды бағалай білуге үйретіп келеді. «Жақсыдан –шарапат, жаманнан – кесапат» демекші шарапатты істер жасап, Абай атамыздың арманындағы шарапатты адам – кемел адам болуға тырысып келеміз. Балалардың бойындағы жарығы әлсіз жалынның лапылдауына ықпал етуі үшін біз олармен жұмыс жасауды жалғастыра беретін боламыз.

Ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, әлемде жамандық атауының ықпалы мүлдем болмаушы еді. Алайда, оны жасайтын тек қана адамдар. Сондықтан, қайырымдылықты қатігездіктің ауылын алыстатар қару деп біліп өзгенің жанына жылу, жүзіне күлкі, бойына сенімділік  сыйлап, әлемді жомарт әрі рақымды жандардың ордасына айландырайық.

 

Айым Бағдәулетова, 11 «В» сыныбы,

«Оралхан Бөкей» шаңырағы

 

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Абай Құнанбаев атамыз айтқандай “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”. Дәл осы қасиеттердің барлығы да Назарбаев Зияткелік мектебінің оқушыларының бойында қалыптасуда. Өскемен қаласындағы Зияткерлік мектепте әр сәрсенбі сайын “Қоғамға қызмет ету” әлеуметтік жобасы аясында жұмыс атқарылады. Сәрсен Аманжолов шаңырағының оқушылары да жобаларын бастап кетті. Бұл шаңырақ «Солжағалау арнайы мектеп-интернатынан» келген 4-ші «Б» сынып оқушыларымен жұмыс жасайды. Әр сәрсенбі күні арнайы мектеп оқушылары біздің мектепке жол тартып, құрметті қонақтарымыз атанып отырады.Бұл қонақтарымыздың алғаш келулері болғандықтан 9 “А” және 11 “Е” сынып оқушылары оларға арнайы  Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимаратымен таныстыру бағдарламасын ұйымдастырды.

Ең алдымен кішкентай қонақтарды кіреберістен тосып алып, кейін мектебімізді таныстырдық, құнды ақпараттармен бөлісіп, ерекше бұрыштарымызды көрсеттік. Осы саяхатымызды спорт залынан бастадық және роботатеxника кабинеті, кітапxана, қысқы бақ, релаксация бөлмесімен жалғастырып саяxатымызды өнер кабинетімен аяқтадық. Кейін жеке кабинетке келген оқушылармен жақынырақ танысып-білістік, ең соңында өте қызықты “фиксики” ойынын ойнап, жаңа достарымызбен бір аптаға қоштастық.Бір жұма өткен соң уәделескеніміздей,келесі сәрсенбіде бұл әлеуметтік жоба өз жалғасын тапты. Осы жолы кішкентай достарымыздымүлдем өзгеше және өздері үшін өте қызықты, жаңа бағдарлама күтіп тұрған болатын.

Ең әуелі, біз релаксация бөлмесіне барып, ол жерде арнайы мектептен келген оқушылар псиxолог мамандармен жұмыс жасады. Ойын түрінде бір-бірімен танысып, есте сақтау қабілеттерін де шыңдай түсті. Кейін ыңғайлы отырып, барлық шаршағандарын, қиындықтарын ұмытуға тырысты. Псиxологтармен жұмыс аяқталғаннан кейін, робототеxника кабинетіне барып, өз қолдарымен робот құрастыруды үйреніп, оны тәжірибе жүзінде де байқап көруге мүмкіндік бердік. Соңында барлығын топ-топпен өзжұмыстарымызбен таныстырдық.

Нәтижесінде біздің күткеніміз ол,әрине, балалардың қызығушылығы және аз да болса бір нәрсеге үйреніп кетуі және біз оны байқадық, себебі бүлдіршіндердің көздерінен от, талпыныс, жігер көрдік және мақсатымызға қол жеткізгендігімізге қуандық. Жалпы біз үшін де, келген қонақтарымыз үшін де осы күн өте пайдалы, жаңалықтырға толы және естеқаларлықтай болды.

9 «А» сынып оқушысы Болатова Аружан,

Сәрсен Аманжолов шаңырағы

Әсет әлеміне саяхат

     8 қараша күні мектебімізде талантты ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті.
     Әсет Бейсеуов қазақ өнерiне өлшеусiз үлес қосты. Оның ән¬дерiнiң өмiршеңдiгi ең алдымен, халық¬тық нақышта болғандығында, айтылатын ой, мазмұны бәрi айшықталып,халыққа жағымды әуенде жеткізілуінде. Есiмi елдiң есiнде мәңгiге қалған Әсет атамызға 80 жас толуына орай мектеп оқушылары,ұстаздары және кеш қонақтары композитордың 58 жылдық қысқа ғұмырындағы көрінісін сомдап, шығармашылығындағы жарқын туындыларын көрерменнің жүрегіне жеткізе білді.
     Бұл мерекелік кеш оқушыларды Әсет атамыздың шығармашылығымен таныстырып қана қоймай, оның туындыларының ізгілігіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту мақсатында өткізілген.Мерекелік шараға өз сыныптастарыммен бірге мен “Армандастар” әнінің дүниеге келу тарихын көрсетіп, қойылымнан керемет әсер алдым. Әсіресе, сол замандағы жастардың бір-біріне деген сыйластығы және олардың арасындағы берік достықтың болуы, қазіргі заман адамдарының қарым-қатынасына жетіспейтін қасиет екені мені сахнада өзімді басқаша сезінуіме мүмкіндік берді.Тіпті, қойылымдағы атмосфера, музыка мені сол заман бойжеткені сезінуіме мүмкіндік берді. Ал, кеш барасында ұлы композитордың шығармашылығындағы әндерін еске түсіріп, мына біздерге үлкен қанат біткендей күй кештік.
     Жалпы, ән мәдениетінің сұңқары – Әсеттің шығармашылығына саяхатымыз сәтті аяқталып, қойылым әлемінде пайдалы сабақ алдық.

Назыкеш Ахметолдинова,
11″D”
«Түркістан» шаңырағы

Қытай тілі оқушылардын көзімен…

     Қытай тілі – қазіргі кезде әлемде сұранысы жоғары тіл. Сондықтан, осы тілді үйрету үшін көптеген тіл оқыту орындары, курстары ашылған. Ал, Назарбаев Зияткерлік мектебінде қытай тілі жеке сабақ болып оқытылады. Себебі, қытай тілі қазіргі таңда коммуникацияға, саяxаттауға, жұмыс орнына тұруға, жоғарғы оқу орындарына түсу үшін керек. Біздің мектепте балаларды арнайы кітап бойынша оқытады. Ол кітапта жаңа сөздер, диалогтар, иероглифтардың жазылу тәртібі, түрлі жаттығулар бар. Содан болар, біздің мектептегі қытай тілін оқыту, барлық мектептердің деңгейлерінен жоғары деп санаймын.
     Біздің қытай тілі ұстазымыз – Назима Қайратқызы, өз сабақтарын өте қызықты өткізеді. Өзінің айтуы бойынша, кішкентай 4 сынып оқушыларын оқытыпты. Сондықтан, әр баланың тілін тауып, сабақтарды көңілді өткізе алады. Мысалы 6-ақпан күні өткен сабақтын басында, біз топтарға бөлініп, планшеттермен “kahoot.it” сайтындағы тесттерге жауап бердік. Сонан соң, әрбір топ өзіне берілген шарды жарып, ішіндегі тапсырманы орындады. Яғни, берілген тақырыптарға диалог құрап, сынып алдында қорғадық. Кейін, бізге суреттер жабыстырылған А3 форматындағы қағаз берілді. Әр топ өзінің қағазына, басқа топтардың қағаздарына суреттерге байланысты иероглифтермен сөйлемдер жазды. Осыдан кейін, әрбір топ өз постерлерін қорғап, жазған сөйлемдерді оқып, аудармасын айтып берді. Кейін, мұғалім бізге қағаз таратып, диктант алу арқылы, алдыңғы сабақтардағы өткен сөздердің иероглифтарын дұрыс жаза алуымызды тексерді.
     Сабақтың соңында, осы 4 тапсырманы қорытындылап, барлық тапсырмаларға белсенді қатысқан балалардың ұпайларын санап, әрбір топтың ортақ ұпай саны анықталды. Топтарға шоколадтар, қаламдар сияқты түрлі сыйлықтар таратылды.
     Маған бұл қытай тілі сабағы өте қатты ұнады. Сабақтың өту барысы, тапсырмалар, бәрі өте қызықты болды. Сабақ өткен тақырыптарды қайталауға негізделген болса да, өз жадыма көптеген жаңа сөздер мен иероглифтарды сақтадым. Менің ойымша, егер барлық мектептер мен қытай тілін оқыту орталықтарында осындай оқыту бағдарламасы болса, онда, қытай тілін оқығысы келетін балалар саны да, балаларды оқытқысы келетін мұғалімдер саны да артып, қытай тілін білетін, сол тілде еркін сөйлей алатын адамдар саны артып, қытай тілі де еліміздегі танымал, сұранысы жоғары тілдердің бірі болар еді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        Нурдаулет Сейтханов, 8 «А»

Ардақ Назаровпен кездесу

     15 ақпан күні, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде , ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ардақ Назаровпен кездесу өтті.
     Ардақ Назаров – 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері, Еуразияның екі мәрте чемпионы, Азия, Еуропа чемпионы, Еуропа-Азия матчтық кездесуінің, Санкт-Петербор, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
     Кездесуді асыға күттік. Бұл жүздесу жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар ата-ананы құрметтеу, имандылық, ізеттілік, адамгершілік секілді құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында өткізілді. Алғашқы сөз алған Ардақ Назаров оқушыларға тарихта өткен батыр бабаларымыздың ерліктерін баян етіп, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгеніне жіті тоқталды. Киелі даланы мекен еткен көшпенді бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи қиссаларды оқушыларға шебер жеткізіп, сол батырлардың жеке-жеке есімдерін еске алды. Ардақ Назаров өзін тек спорттық жағынан ғана емес, тарих пен әдебиет саласынан да біліктілігін көрсете білді.
     «Алла Тағала беріп те сынайды, алып та сынайды. Дүние бүгін бар, ертең жоқ. Бірақ, адамзатты сұлулықпен, мансаппен, байлықпен, дүниемен өлшеуге болмайды. Адамзаттың өлшемі – оның руханиятында, оның тектілігінде, мәрттігінде, адами құндылығында», – деп қорытындылады ол сөзін.
Біздің де, Ардақ ағамызға ұқсағымыз келеді. Ол кісіден бойымызға жақсы қасиеттерді алдық. Ардақ ағамызмен естелікке суретке түсіп, одан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, қуаныштарымызды жасыра алмадық. Барлығымыз да оның адалдығына , терең ойлы азаматтық тұлғасына тәнті болдық. Бір сөзбен айтқанда, Ардақ, ісі мен сөзі сәйкес келетін жан.

                                                                                                                                                                                                                       9 «Е» сынып оқушылары

Алғашқы қоңырау

     Алғашқы қоңырау- кез келген оқушыға өте алаңдатарлық күн. Себебі сен алдыда не күтіп тұрғанын білмейсін. Жаңа достар,жаңа жер,мұғалімдер,және пәндер. Әрине қобалжу бәрінде болады. Ішіңде мыңдаған сұрақтарға жауап іздеп,әлек боласын.
     НЗМ-ға түскенде дәл сондай сезімде болдым.Көп уақыт бойы дайындалып, болжау жасап,қатты алаңдауда болдым. Алғашқы қоңырауға барғанда дәл мендей оқушыларды көрдім. Олар да дәл сондай сезімде болды,оларға да бәрі жаңадан басталды.
     Бірақ біздің қобалжуымыздың бәрін директордың сөздері бір сәтте жоғалтты. Әр бір айтқан сөзі тек қана көңіл күйіңді көтеріп,сені тек алға,ештеңеден қорықпауға ынталандырады. Сен ол тілектер мен қолдаулардың барлығының шын жүрекпен айтылғанын сезесін.Тек директор ғана емес, мұғалімдер де, үлкен сынып оқушылары да саған үміт артқанын ұқтым. Ант беру арқылы біз өзімізге үлкен жауапкершілік алып,мектепке адал екенімізді білдірдік.Бірақ сол сөздерімізді оқу барысында ғана дәлелдей аламыз. Біз тек қана адал болмай, оқуға бар күшімізді салып, тырысамыз.Алғашқы қоңырауда еш бір оқушы өзінің сырттай көрініп тұрғанын,жан-жағында не болып жатқанына мән бермеді. Себебі бар назарымыз директор сөздерінде болды.Мектептің қаншама жетістіктерге жетіп,қандай белестерден көрінгенін естіп, оны шын ниетіммен мақтан тұттым. Мектептің әр мүшесі: мұғалімнен бастап, оқушыға дейін оның дамуына,кеңейіп, көркеюіне аз да болсын,көп тте болсын өз үлесін қосып жатыр.
     НЗМ-дан алған алғашқы әсерімді ешқашан ұмытпаймын. Мектеп мүшелері әр іс-шараға,конкурстқа,мерекелердің бәріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Менің ойымша, осындағы мұғалімдердің шынында да өте қиын және олардың мойынында көп жүктемелер бар.Осы факторларға қарамастан,әрқайсысы өз жұмысына, бір-біріне және оқушыларға бар жән-тәнімен,мейімділікпен қарайды. Олар әрдайым сені қолдауға ,түсініп, өз көмегін беруге дайын. Алғашқы қоңырауда мұғалімдерді таныстыру кезінде, барлығы өздерін мақтан тұтты және әрине бостан босқа емес, әрқайсысы бөлек құрметке лайықты.Себебі, осы кісілердің арқасында НЗМ осындай жетістіктерге жетуде.
     Қорытындылай келе осы жылғы алғашқы қоңырау мен үшін өте ерекше,тамаша,маңызды және таңғалаларлық болды. Мен түрлі көңіл-күйде болдым,алуан түрлі эмоциялар сезе алдым.Бір сағаттың ішінде НЗМ менің екінші үйім болатынына сенімді болдым.Болашағым жарқын болатынына мен сенімдімін!

    Автор: Серікова Айым Дәуренқызы 7 «С»