Жаһандық азаматтық

Жаһандық азаматтық – біз әлемнің бір бөлшегіміз және біздің әрқайсымыз әлемді тек жақсы жаққа өзгертуге қабілеттіміз деген ұғым..

Жаһан азаматы мынандай қасиеттерге ие тұлға:
• Толеранттылық- бұл әлемдегі мәдениеттің көптүрлілігін дұрыс түсіну, қабылдау және құрметтеу;
• Патриоттық – жаһандану жағдайындағы өз елінің мәдениетін сақтауға ұмтылу;
• Білімділік–бұл жаһандық маңызы бар оқиғалардан хабардар болу, сол оқиғалардың себебін түсіну, ақпараттарға сыни тұрғыдан қарай білу;
• Әлеуметтік белсенділік – әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау;
• Ашықтық – өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу;
• Жауапкершілік – өз әрекеттері үшін жауапты болу және оның жаһандық қоғамға әсерін түсіну.
• Коммуникабелділік -жергілікті және жаһандық деңгейдегі іскерлік пен достық қарым- қатынастарға қабілеттілік.

Бұл түсінік мектеп мұғалімдері, оқушылары және ата-аналарымен бірлесе отырып талқыланып, анықталды. Берілген анықтама 05.01.2016 жылы №3 педагогикалық кеңестің шешімі бойынша бекітілді.

 

 

Резервная_копия_global - копия