Бос жұмыс орындары

«Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы педагогикалық қызметкерлердің бос орындарына конкурстық іріктеу жариялайды:

1) ағылшын тілі мұғалімі – 4 бірлік;

2) информатика мұғалімі – 1 бірлік; орыс/ағылшын тілдерінде;

3) бағдарламалау мұғалімі – 1 бірлік; ағылшын тілінде;

4) педагог-куратор-ұйымдастырушы – 4 бірлік. қазақ/орыс тілдерінде

5) педагог – кітапханашы – 1 бірлік, ағылшын тілін білу;

6) жатақхана тәрбиешісінің көмекшісі – 2 бірлік;

7) физика мұғалімі – 1 бірлік, орыс тілінде;

8) математика мұғалімі – 1 бірлік, қазақ/орыс тілдерінда;

Конкурстық іріктеусіз, әңгімелесу негізінде:

8) мейірбике (диет сестра);

9) баспасөз хатшысы

Үміткерлер 2023 жылғы 7 тамызға дейін http://career.nis.edu.kz/ сайтына тіркеліп, түйіндеме қалдырулары қажет.

Педагогикалық кадрлардың және оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына конкурстық іріктеу 2023 жылғы 8 тамызда сағат 10.00-де өтеді, тіркеу сағат 8.45-тен 9.45-ке дейін жүргізіледі, жеке куәлік болуы шарт. Тіркеу орталықтандырылған түрде жергілікті уақыт бойынша 9:45-те жабылады, көрсетілген уақыттан кейін үміткерлерді қабылдауға рұқсат етілмейді.
Іріктеу тестілеу және эссе жазудан тұрады. Тестілеу нәтижелері бойынша үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.

Барлық үміткерлерді Өскемен қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 53 мекенжайы бойынша күтеміз.