100 кітап

“Зияткерлік мектептердің оқушыларына оқу үшін ұсынылған 100 кітап” Жобасы ” үштілдік оқыту, зерделеу, тарих, мәдениет-рухани тәрбиелеу, басқа елдің мәдениетіне толеранттылықты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдебиет оқу арқылы қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаның мақсаты: әр түрлі қызмет арқылы оқуды сүюге, кітап оқуға баулу. “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ бастамасы шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары оқу үшін 100 кітап тізімі дайындалды. Оған 60 әйгілі қазақ классикалық шығармалары және 40 әлем әдебиеті туындылары  ұсынылған.

Жоба аясында арнайы аудиохрестоматия және электронды кітап нұсқасы дайындалады. Оқушылар оқылған шығармалар бойынша өз суреттері мен иллюстрациялар дайындайды. Кейбір шағын әңгімелерді балалар өздері дауыстап жазып, электронды және аудио кітаптарды тегін www.iKitap.kz. Сайтына салады. Әрбір туынды түпнұсқа тілінде оқылатын болады. “100 кітап” жобасы аясында оқушылар “iBooks Author” зияткерлік бағдарламасын игеріп,  өз бетінше электронды кітап құратын болады.