Мектеп формасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің 2012 жылғы 29 ақпандағы шешіміне сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде оқушылардың мектеп формасы енгізілді.
Оқушылардың мектеп формасы сабақты жүргізу үшін қажетті іскерлік атмосфера жасап, мектеп өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.
Оқушылардың мектеп формасы оқыту үдерісін реттеп, оқушыларды тәртіпке үйретеді. Зияткерлік мектептері оқушыларының мектеп формасы  функционалды және жалпы жұрт қабылдаған іскерлік стилге сәйкес келеді.
Оқушылардың мектеп формасы комплектісіне:
1.Қыздарға арналған мектеп формасы

  • Жакет
  • Юбка
  • Шалбар
  • Галстук
  • Тоқыма жемпір
  • Тоқыма көкірекше
  • Спорттық костюм

2.Ұлдарға арналған мектеп формасы

  • Пиджак
  • Шалбар
  • Галстук
  • Тоқыма жемпір
  • Тоқыма көкірекше
  • Спорттық костюм жатады