NIS тәжірибесін тарату департаменті Ақтөбеде

13 қараша 2024 10:00

NIS тәжірибесін тарату департаменті Ақтөбеде 3 өңірдің тірек мектеп директорларын аймақтық кеңеске жинады. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен кеңеске қатысушылар Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан келді.

“Эгалитарлық білім беру - тірек мектептердің миссиясы” атты тақырыпта өткен шараға 50 педагог қатысты. Олардың қатарында мұғалімдер мен мектеп директорларының орынбасарлары бар.

Кеңесте педагогтерге әдістемелік қолдау, тәуелсіз сыртқы бақылау натижелерін тиімді пайдалану және ультра заманауи мектеп жабдықтарымен жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Өз кезегінде тірек мектеп басшылары NIS әдістемелік қолдауы білім сапасын жақсартуға әсер ететінін айтты. Сонымен қатар магниттік мектептермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар жобаны дамытуға байланысты түрлі ұсыныстарын білдірді.