- /
- Новости /
«Есірткісіз болашақ - салауатты өмірге қадам»
17 желтоқсан 2024 10:20
Зияткерлік оқу ордамызда Астана қаласындағы Нұра ауданының бөлім прокуроры Ақжол Шалқарұлы Сәтілда мен психолог Асель Пиримбек мектептегі жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділік мәселесін талқылады.
Кездесуде есірткінің денсаулыққа зияны, тәуелділіктің себептері және одан қалай сақтану керектігі туралы айтылды. Мамандар жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға және қауіп-қатерден аулақ болуға шақырды.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге пайдалы кеңестер беріп, өзекті тақырыптарды ашық талқылағаны үшін Астана қаласы Нұра ауданының бөлім прокуроры Ақжол Шалқарұлы Сәтілда мен психолог Асель Пиримбекке алғысымызды білдіреміз.