ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КУӘЛІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАР КОМАНДАСЫ «ҒАРЫШ КҮНІ» АЯСЫНДА «ROCCET GIRLS CHALLENGE» БІРЕГЕЙ ХАКАТОНЫНА ҚАТЫСТЫ.
Аталмыш жарыста біздің команда “Жаңа өмірге арналған жаңа планета” тақырыбында ақпараттық-білім беру және ғылыми-танымал сипаттағы сайт ұсынды.
Қазылар алқасы сайттың функционалдығымен таңдалған ерекше мазмұнды жоғары бағалады. Нәтижесінде ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан авторлық куәлігі берілді.
Команда құрамы:
1️⃣Бақытова Жанбота Жарқынқызы; 9 «Е» сыныбы,
2️⃣Ахметжанова Альфия Ержанқызы; 9 «Е» сыныбы,
3️⃣Сағатова Адина Аршинқызы; 9 «Е» сыныбы,
4️⃣Серікханова Сабина Асқарқызы; 9 «Е» сыныбы.
Команда жетекшісі: phd, информатика пәнінің мұғалімі Ж. М. Сейтахметова