Тәжірибе тарату

NIS мұғалімдері тәжірибе алмасуға шақырылды

Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдер командасы қаладағы №48 мектеп әкімшілігінің шақыруымен арнайы семинар өткізді. Семинарда ұстаздар сабақ оқыту әдістемелігі бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ, қазақ, ағылшын тілдері, тарих сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ресурстар, физика және биология сабақтарындағы зертханалық жұмысты ұйымдастыру, математика сабағында цифрлық (сандық) білім беру ресурстарын қолдану және қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар берілді.

«Ауыл мектебі» жобасы: тәжірибе бөлісу

2021 жылғы 15-16 сәуірде Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауыл мектебі» жобасы аясында тәжірибе алмасу семинары өтуде.

Шараға Катонқарағай ауданының С.Ластаев атындағы және Үлкен Нарын орта мектебінің, Ұлан ауданының Р.Марсеков атындағы орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздары қатысты.  

Тәжірибе алмасу бағдарламасымен Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ж.О.Ерниязова таныстырды. 

Мектеп директорларының орынбасарлары Ж.С.Умбетаева, Г.Т.Мухтарханова және Б.Ж.Сапуанов стратегиялық жоспарлау, нормативті құжаттарды дайындау, оқушылар және қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүргізу және тағы да басқа оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар берілді.

Пән мұғалімдері химия, биология, информатика, физика сабақтарына қатысып, NIS мұғалімдерінің сабақ барысында қолданатын әдістерін көрді. Зертханалық жұмыстар бойынша шеберлік сағаттарына қатысты.

Семинар бүгін өзге шаралармен жалғасады.

 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы тәжірибесімен бөлісу

 

2021 жылғы 21 сәуірде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері»  тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті. Шараға орта мектептер директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  қосымша білім беру педагогтары, мектеп психологтары, сынып жетекшілері, жалпы алғанда 157 адам қатысты.

Алғашқы болып Өскемен қаласындағы NIS директорының орынбасары Г.Т.Мухтарханова мен педагог-куратор Г.С. Нургалиева «SOFT SKILLS» икемді дағдыларын дамыту – болашақтың кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

Семинардың «Эмоционалдық интеллект. Өз эмоциянды басқаруға қалай үйренуге болады?» тақырыбындағы бөлімінде 3 спикер– мектептің педагог-кураторлары А.М.Мажикова, Ж.Т.Китапбаева, Г.С Арыстанбек сөз алды. Баяндамашылар оқушы эмоциялары және сезімдерін түсіну, стресске төзімділік дағдыларын дамыту тәжірибелері арқылы тақырыпты ашып, практика жүзінен нақты мысалдар келтірді.

Шара соңы кері байланыс, рефлексиямен аяқталды.

 NIS ұстаздары вебинарда бос қосты

2020 жылғы 9 ақпанда “Импакт-факторы нөлден жоғары журналдарға мақалаларды дайындау және рәсімдеу бойынша методикалық ұсыныстар” атты вебинар өтті. Вебинар Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұсынысы бойынша ұйымдастырылды.

Өскемен қаласындағы зияткерлік мектептен бұл тақырыптағы вебинарды физика пәнінің мұғалімі Тусупжанов Айдын Елеусызович өткізді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінен барлығы 110 адам қатысты.

-«Бұл вебинарда импакт-факторлы мақаланы жазуды неден бастау керек, мақала қандай бөліктерден құрылуы тиіс, әр бөлімінде не туралы жазу керектігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, импакт фактор деген не, «хирш индексі», «квартиль» ұғымдарына түсіндірме жасалды», – дейді вебинар спикері Айдын Елеусизович.

Вебинар барысында мақаланы жазу кезінде көмек болатын ресурстар көрсетіліп, олармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы ақпарат берілді.

Шара нәтижесінде импакт факторлы мақала жазу мәселесі бойынша мұғалімдердің  кәсіби бірлестігін құру туралы шешім қабылданды.  

NIS тәжірибесімен бөлісу

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауыл мектебі» жобасы аясында Катонқарағай ауданының С.Ластаев атындағы орта мектептен мұғалімдер болып қайтты. Информатика, өнер және робототехника пәндерінің ұстаздары кабинеттердің жасақталуын, безендіруін қарап, сабақты өткізу барысынан ақпараттар алды. Кері байланыс және жиынтық бағалау қалай жүзеге асырылатындығы жайлы сұрақтар қойды. Технология және дизайн пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі             О.О Садыканова келушілермен бірге жүріп, информатика, өнер, робототехника кабинеттерін аралатып, барлық сауалдарға жауап берді.

Информатика пәнінің мұғалімі Б.Ж.Сапуанов робототехника  кабинетінің жабдықталуын, жұмыс жасау нұсқаулықтарын көрсетті.

С.Ластаев атындағы мектебінің мұғалімдері өз мектептеріне лайықтап енгізуге болатын жаңашылдықтарды көріп қайтты.

«Ауыл мектебі» жобасы аясында тәжірибе алмасу семинары

2020 жылы 15 қазанда Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кентінде орналасқан Р.Марсеков атындағы орта мектепте «Ауыл мектебі» жобасы аясында семинар өтті. Семинарды Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Г.Мухтарханова және педагог-кураторлар Г.Арыстанбек, Ж.Китапбаева жүргізді. Шараның өтуіне Р.Марсеков атындағы мектептің директоры Каршыға Қайсарьяқызы Бухарбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты.  

Семинар барысында мектеп ішінде шаңырақтар қауымдастығын құру мен оның жұмысын жүргізу туралы толық нұсқаулықтар беріліп, жобаларды мектеп тәжірибесіне енгізу жөнінде ақпараттар айтылды.   

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін әр мектептің ішкі жүйесіне бейімдей отыра қолданысқа енгізу жолдары қарастырылды.

Қатысушыларға шағын тренингтер өткізіліп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді. Семинар өзара пікір алмасулармен түйінделді.  

Естеріңізге сала кетсек, «Ауыл мектебі» жобасы – педагогикалық практиканы жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және цифрлық ресурстарды қолжетімді ету арқылы мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталған жоба. Оқу жылы көлемінде Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы түрлі форматтағы шаралар өткізіп, тәжірибе бөлісіп келеді.  

«Ауыл мектебі» жобасы аясында тәжірибе алмасу: әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастыру 

2020 жылдың 7 қазанында «Ауыл мектебі» жобасы аясында тәжірибе алмасу бойынша «Шетел тілдері, ЖЗЖЖ және экономика» әдістемелік бірлестігінің жетекшілері Салтанат Мухамадиева мен Лунара Сакадиева Zoom платформасында ауыл мектептеріне арналған вебинар өткізді.

Шараға Р.Марсеков пен С.Ластаев атындағы және Үлкен Нарын орта мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.

Вебинардың негізгі міндеттері:

  1. Әдістемелік бірлестік жұмысын жүргізу, соның ішінде ӘБ жұмысының жоспарын жасау,
  2. Ментор мен менти жұмысы.

 

Вебинардың бірінші бөлімінде әдістемелік бірлестіктің жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын жасау бойынша ақпарат берілді. Өткен оқу жылы жұмысына талдау қалай жасалу керектігі туралы, сондай-ақ, жоспардың негізгі бөлімдері қарастырылды.

Екінші бөлімде ментор мен ментидің жұмысы, міндеттер мен мақсаттар қою және күтілетін нәтижелер туралы сөз қозғалды. Менторлық етудің қажеттілігі түсіндірілді.

Жұмыс барысында қатысушыларға сұрақтар қойылып, ауыл мектептері әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізе білді.

Шара соңында қатысушылар вебинардың өтуіне ризашылықтарын білдіріп, google forms кері байланысқа пікір қалдырды.

Динара Байгалиева (Р.Марсеков атындағы орта мектеп): «Бүгінгі вебинарда өте пайдалы ақпарат берілді,  келешекте Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе жұмыс жасап, конференцияларға қатысуға дайынбыз. Әріптестер қалай жұмыс жасап жатқандарын білдік, бұрын әр мектеп өз жүйесіне, өз жоспарына сай жұмыс жүргізді. Енді барлық әдістемелік бірлестіктерде бірдей жоспар болса, талдау, мониторинг жасау ыңғайлы болады деп ойлаймын».

 

«Ауыл мектебі» жобасы аясындағы мұғалімдерге арналған вебинар

 

2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 15:00-де «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда GO FORMATIVE платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталмыш вебинарды Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәннің мұғалімі К.Т. Төлеужанов жүргізді. 

Мақсаты – қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру және өткізу бойынша ауыл мұғалімдеріне қолдау көрсету.

Вебинар жоспары:

  1. GO FORMATIVE платформасында тіркелу (5 минут)
  2. GOFORMATIVE платформасының жұмысына қысқаша шолу (5 минут)
  3. GO FORMATIVE платформасында үлгі ретінде ТЖБ жасау (50 минут)

 

Вебинар қазақ және орыс тілдерінде өтті. Пайдаланған бағдарлама – ZOOM. Жүргізуші GO FORMATIVE платформасына шолу жасап, бір мысал негізінде оның мүмкіндіктерін көрсетті. Яғни, физика пәнінен БЖБ үлігісі Word форматынан GO FORMATIVE платформасының форматына аударылды. Вебинарға барлығы 24 оқытушы қатысты.

Қашықтықтан оқытуға дайындық

2020 жылдың 4 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ШҚО білім басқармасы, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті және Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі өкілдерінің қатысуымен оқыту вебинары өтті.

Вебинардың мақсаты – қашықтықтан оқытуға көшу кезінде оқытушылар мен мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.

Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ қашықтықтан оқытудың үйлестірушісі, информатика пәнінің мұғалімі Василий Шаповалов «Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтықтан оқытуды енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

https://youtu.be/UKfgi1kfFco

«Ауыл мектебі» жобасы аясындағы семинар

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ауыл мектебі» жобасы аясында педагог қызметкерлерге арналған облыстық семинар өтті. Оған Катонқарағай ауданының С. Ластаев атындағы, Улкен-Нарын орта мектебінің және Ұлан ауданының Р. Мәрсеков атындағы мектептерінің ұстаздар ұжымы қатысты. Семинар барысында директордың орынбасары Г.Мұхтарханова «Шаңырақ» қауымдастығын құру ерекшеліктері, оның басылымдықтары туралы айтып өтіп, әр мектептің өз ерекшеліктеріне, ішкі тәртібіне қарай шаңырақтарын құруға нұсқаулық берді. Кураторлар мен оқытушылар таңғы жиынды тиімді ұйымдастыру, «TEDx», «Қоғамға қызмет етемін» және тағы да басқа мектепішілік жобалар туралы түсіндірді. Семинарға қатусышылар сауалдарына тыңғылықты жауап алып, толықтай ақпаратқа ие болды.

Ауыл мектептері мұғалімдеріне арналған семинар-практикум

28 ақпанда Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің мұғалімдеріне ашық есік күні өткізілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Ұлан ауданының Р.Мәрсеков, Катонқарағай ауданының С.Ластаев атындағы және Үлкен Нарын орта мектептерінен 42 қызметкер келді.
Бағдарламаға сәйкес қонақтар семинар-практикумға, ашық сабақтарға, тренингтерге қатысып, мектеп ішін аралауда әріптестермен пікір алмасты.
Семинар-практикум бірнеше секциялар бойынша жұмыс жасады: қосымша білім беру ұстаздары мен сынып жетекшілерге Шаңырақтардың, түрлі жобалардың жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша нұсқаулық берілді; мектеп кітапханашылары «Twing Bilim», «Bilim Land», «iMektep.kz», «EBSCO» қол жетімділіктегі ашық академиялық интернет ресурстары, кітапхана қызметін жаңашыл тұрғыда ұйымдастыру бойынша мол ақпарат алды; психологтар «Бала мен ата – ана арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ата – аналар мен жасөспірімдер үшін кеңес беру коучингін өткізу әдісін меңгерді.
Пән мұғалімдері «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын интернет сервистері арқылы құрастыру» тақырыбындағы семинар – практикумға қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – ауыл мұғалімдерін ZipGrade, Goformative және Plickers сынды сервистермен таныстыру. Бұл сервистер оқыту мақсаты бойынша оқушылардың ағымдағы жетістіктерін сараптауда жұмысты жеңілдетеді. Қатысушылар өз сыныптарына тапсырмалар жасап, оны өз мектептерінде қолдануға мүмкіндік алды.
Химия, биология, география, математика, физика, ағылшын және орыс тілдері, дүниежүзі тарихы, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтарға қатысып, IT технологияларды өз пәндерін үйрету кезінде жаңа үлгіде пайдалануды тәжірибе жүзінде көре алды.
Бүгінгі семинар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мақсатында арнайы құрылған «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруда алға жасалған тағы бір қадам болды. Қатысушы ұстаздар мұндай семинар – практикумдардың ауыл мектебі мен «ауыл» мұғалімі үшін ілгерілей түсуіне пайдасы зор екендігін айта отырып, Назарбаев зияткерлік мектебінің білім беру жүйесі туралы оң пікірлерін қалдырды.

Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын орта мектебінің мұғалімдері – мектеп қонақтары

2020 жылдың 19 ақпанында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының төрайымы Куляш Шамшидинованың «Ауыл мектебі» жобасының аясында Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын орта мектебінің мұғалімдері болып қайтты. Мектеп оқытушылары келген қонақтарға ғимарат ішін толық аралатып, химия, биология пәндерінің кеңейтілген зертханаларын көрсетіп, физика, информатика, психология, өнерге баулу кабинеттерінің жабдықталуын таныстырды.
«Ауыл мектебі» жобасы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мақсатында арнайы құрылғандықтан, келген мұғалімдер өз мектептері заманауи үлгіде жабдықталу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштарын жасырмады. Демеушілік көмекті әр ауданның кәсіпкерлері көрсетпек.

“Ауыл мектебі” жобасы аясындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі экскурсия

2020 жылдың 14 ақпанында «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының төрайымы Куляш Шамшидинованың «Ауыл мектебі» жобасының аясында Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Катон-Қарағай ауданындағы С.Ластаев атындағы және Ұлан ауданының Р.Марсеков атындағы орта мектептерінің мұғалімдері болып қайтты. Мектеп директоры Ж.О.Ерниязова ғимаратты толықтай аралатып, жаратылыстану ғылымдары зертханаларының жабдықталуына баса назар аудартты. Химия, биология және информатика пәндерінің оқытушылары құрал-жабдықтарды пайдалануда нұсқаулар көрсетті.
Келушілерді кітапхананың, сурет салу және еңбекке баулу аудиторияларының, психология кабинеттерінің жаңа үлгідегі ерекше дизайны таң қалдырды. Кабинеттердің ішкі келбетін жасау кезінде ең қажетті деген материалдарды алып, әрбір бос орынды тиімді пайдалану қағидасын ұстанған дұрыс екендігін өздеріне түртіп алды.
Бұл жоба қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мақсатында арнайы құрылғанын естеріңізге саламыз.

 2016 жылға тәжірибе тарату бойынша талдамалық есеп

 

 DSC_0558

Назарбаев Зияткерлік мектептері іс-тәжірибесін тарату 2016 жылғы жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Пилоттық мектепте оқу – әдістемелік кешеннен бастап және жаңартылған Бағдарламаны апробациялау бойынша пилоттық мектеппен жұмыс ДББҰ Басқармасы Төрағасы бекіткен жоспар бойынша жүргізілді. Сондай-ақ мектептің сұранысына орай қосымша іс-шаралар да өткізілді. Пилоттық мектеп бойынша бұл жұмыс екі негізгі бағытта өрбіді:

·        Білім мазмұнын жаңарту;

·        Пилоттық мектептің педагогтарына туындаған мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету;

Барлық пәндер бойынша пилоттық мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу жүргізіліп, қатысқан сабақтарды талдау негізінде командалық оқытуға (пилот мектептің мұғалімдері мен НЗМ мұғалімдері) бағытталған жеке ұстаздарға әдістемелік көмек ұйымдастырылды. 2-сыныпқа қатысу барысында көрінгендей пилоттық мектептің педагогтары өз сыныптарында топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырып, оны сапалы түрде пайдаланатын болды. Сабақта формативті бағалауды қолдану бойынша үлкен жетістік байқалды. Педагогтар сабақтың әрбір кезеңінде бағалауды жүргізеді, оқушылар тапсырмаларға бағалаудың критерийлерін  жасай алады, өз жұмысына, сондай-ақ сыныптасының жұмысына   баға бере алады.

Сондай-  ақ педагогтардың кәсіби өсуі және оқушылардың оқу дағдыларының дамуы байқалады. Мұғалімдерге оқуға оқушыларды қызықтыру, олардың қызығушылығын арттыру үшін оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдану мүмкіндік береді. Семинарлар мен практикумдардағы негізгі акцент білім берудегі және тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер мен білім мазмұнын жаңартуға бағытталды. Бұл саралау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке енгізу, Мәңгілік ел, жалпыұлттық идеясын оқыту үдерісіне, инклюзивті білім беру және т. б. Үнемі тәжірибе алмасу барысында пилоттық мектеп мұғалімдері тәрбиелеу және оқыту әдістемесін жақсартып келеді.

Оқу –әдістемелік кешенді жасаған НЗМ –де жұмыс істейтін педагогтар жаңа талаптарға сай  болып, оңай бейімделе алды, себебі мұғалімдер үшін жазылған басшылық егжей-тегжейлі, жаңа талаптарды ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сәйкес жасалды. Бұл сыныптардағы оқушылар жақсы жұмыс қарқынын көрсетеді, тапсырмалардың бір түрі бойынша талдау жасай біледі,  толық дәлелденген жауаптарға  бағытталған. ОӘК “Алматы кітап” және “Атамұра” баспасы білім беру мазмұнын өзгертуде мұғалімдерге әдетке айналған  материалды емес, нақты тіркелген нұсқауларды аз дәрежеде көрсетеді,  бұл педагог үшін жұмысты қиындатады. 

Сондықтан ОӘК мәліметтері бойынша жұмыс істейтіндермен және мұғалімдермен өзара әрекеттестіктің  басты бөлігі бағалау, оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибеге енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған болатын.

Көптеген қиындықтар 2016 жылдың 1- қыркүйегінен бастап 2- сыныптардың бір ОӘК- нен  екіншісіне көшуімен тікелей байланысты болды. Әр баспаның оқулықтары белгілі бір жүйеде, белгілі бір логикаға сәйкес құрылған, бір ОӘК- нен екіншісіне көшкенде оқушыларға деген талаптың өзгеруі, жұмыс істеу екпініне, ұсынылған материалдың көлеміне, тапсырманы орындау тәсіліне байланысты материалды берудегі әдістерді өзгерту қажеттігін тудырды. Бұл мұғалімдердің жаңа материалды оқып талдауына уақытты жоғалтуы мен алшақтықты жоюына (мысалы, математика бойынша есептің қысқаша жазбасындағы берілуі бойынша) байланысты. Бұл оқыту үрдісіне кедергі келтіріп, мұғалімнің жұмысын қиындатып, уақытты нәтижесіз жұмсаумен түсіндіріледі.

Мектеп мұғалімдерінің сұранысы негізінде әрі қарай жұмысты критериалды бағалау бойынша бағыттау қажеттігі анықталды. Әсіресе, қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау тапсырмаларын жасау, сондай- ақ бағалау дескрипторларын құру бойынша сұрақтар туындады.

Тәрбие жұмысы бойынша пилот мектептермен жұмыстың мақсаты «Шаңырақ» қауымдастығын енгізудің негізгі идеяларымен бөлісу негізінде көрініс тапты. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері НЗМ – де нәтижелі жүргізіліп жатқан Шаңырақтардың негізгі жобаларымен танысты.  Семинарда келесі бөлімдер қамтылды:

— кураторлар жұмысының циклограммасы; 

— оқушылардың «Шаңырақ» қауымдастығы жұмыстары тәжірибесінен:

1.     шаңырақ сағаттары, кураторлық сағаттар, таңғы жиындар арқылы өмірлік құзыреттіліктерін дамыту;

2.     оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

3.     «Қоғамға қызмет» бағдарламасы;

·          «Шаңырақ» қауымдастықтары оқушылары арасында тәлімгерлікті ұйымдастыру көмегімен достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

НЗМ мұғалімдерінің пилот мектеппен бірлескен жұмыстарының нәтижесінде «Балалар  – балаларға» атты жаңа бірлескен жоба жоспарланды, онда НЗМ оқушылары №39 мектеп оқушыларымен шаңырақ жобаларын ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісе алады.

Бұдан басқа Казнаковка ауылдық мектебінде оқу- тәрбие үрдісіне «Шаңырақ» қауымдастығын енгізу бойынша тренинг өткізілді. «ТЕДх», «Wikipedia»,  «Тең- теңімен», «Қоғамға қызмет» және басқа да жобалар таныстырылып, олар зор қызығушылық танытты. Осындай жобаларды өз мектептерінде енгізу жоспарын құрды және сыныптар «Шаңырақтарға» бөлінді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кітапханаларының жаңашылдық тәжірибесін жариялау кітапханалар ісін  жаңғыртуға әкеледі, ол жаңа сапалы даму сатысына өтуді болжайды және оқу үдерісін жаңа ақпараттармен сапалы сүйемелдей алатын ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісіндегі оқушыларға оқуға және өздігінен жетілуге мүмкіндік бере алатын, мектептің маңызды құрылымы ретіндегі кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 2016 жылы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашыларына арналған 9 семинар өткізілді.

Бұл семинарлардың мақсаты: кітапханашыларды мектеп кітапханасы жұмысының заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру, әртүрлі жастағы пайдаланушылармен жұмыс істеудегі халықаралық тәжірибелерді зерттеу, кітапханашылардың ғаламтор кеңістігінде жұмыс істеуі, ақпараттық сауаттылықты жетілдірудің белсенді әдістері, мектеп кітапханасы ортасында кітап оқуды насихаттау, мектептің зерттеу жұмысындағы кірапхананың рөлі, заманауи кітапхананың жобасы, кітапхананың техникалық жабдықталуы. Теориялық аспектісі оқылды және Зияткерлік мектеп кітапханасының пайдаланушыларымен жұмыс істеу бойынша кітап оқуды, ғылыми-зерттеуді және ақпараттық сауаттылықты дамыту мақсатында практикалық сабақтар жүргізілді.

 

 06. 01. 2017 Көкпекті ауданы. Казнаковка орта мектебі.
«Оқу процесінде кітапханалардың рөлі» (06. 01. 2017)

1

252

Білім мазмұнын жаңарту ішінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін практикалық түрде қолдау қажеттілігі туындады. Осы жағдайға байланысты Зияткерлік мектеп базасында семинарлар өткізумен қатар осы оқу жылында    «Педагогикалық десант» акциясы ұйымдастырылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары  каникул кезінде 2-3 күн ішінде оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында туған өлкелеріне барып қайтты. Сөйтіп 13 жетекші мектепте 140 магниттік мектеп ұстаздары үшін семинарлар өткізілді. Жаңартылған  бағдарлама бойынша 393 ұстаз мастер-кластан және тренингтен өтті, онда өлшемді бағалау және оқытудың жаңа тәсілдері бойынша сұрақтар қарастырылды. Онда жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың әдістемелік ұсыныстарымен толығырақ танысты. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын жасаудың нақты кезеңін анықтау бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар НЗМ ұстаздары сол мектептерде ашық сабақтар өткізді, ол сабақтарда аймақтағы ұстаздар іс жүзінде оқытудың жаңа тәсілдерімен таныса алды. Жүйелі әдістемелік кешен «Жүйелі- әдістемелік комплекс» сайтының жеке тармақтарымен жұмыс істеу бойынша түсініктер берілді және мұғалімдердің назары келешекте оқу жоспарлары енгізілгенде өзгерістерден хабардар болу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері  ғана емес, сонымен қатар орта және жоғарғы буын мұғалімдері де оқу материалдарымен танысуға ерекше назар аудару және уақыт бөлу қажеттілігіне аударылды.

            Аудандық мектеп  мұғалімдерінің пікірінше, мұндай семинарлар дер кезінде өте қажет және пайдалы болды. Олар НЗМ –нің мұғалімдерінен  көп тиімді  ақпарат  пен  қолдау  алғандықтан, одан әрі ынтымақтастықта жұмыс істеуді  қалайтындықтарын білдірді.

252551

25255141414

Қазақстан тарихы сабағы
« XVIII – XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі

114 

14141

КГУ Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі.
6 – сынып оқушылары

1441

Ак«Мифы Древней Греции. Миф об аргонавтах» тақырыбы бойынша білімдерін белсендендіру көзделген бұл сабақта тарих, әдебиет сабақтарынан тақырып бойынша не білетінін, оқығаны мен естігенін қолданып, ежелгі Греция әлемін қатй құруға талпыныс жасады.

17

 

Кесте. 2016 жылдағы тәжірибе тарату

Атауы Семинарлар, шеберлік сағ. саны Қатысушылардың саны Мектептерді қамту
қаңтар 2016-

қыркүйек  2016

қыркүйек 2016- қаңтар 2017 2016 ж қаңтар 2016-

қыркүйек  2016

2016- қаңтар 2017 2016 ж қаңтар 2016-

қыркүйек  2016

қыркүйек 2016- қаңтар 2017 2016 ж
Жалпы білім беретін мектептерге арналған семинарлар 6 10 16 126 770 896 110 387 497
 Пилот мектептерге арналған семинарлар және тренингтер 29 19 48 19 30 49 1 1 2
Барлығы 35 29 64 145 800 945 111 388 499

Қорытынды:  Тәжірибемен бөлісу жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне практикадағы қажеттілікті қанағаттандыруға және тәжірибе алмасуға жол ашты. Аймақ мұғалімдерінің сұраныстары мен мәселелерін ескере отырып, оқу жылы көлемінде жұмысты жалғастыру көзделді.

                                                                                                                               Нағыз білім
     Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үйымдастырылған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаратылыстану математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндерін оқыту ерекшеліктері» атты облыстық семинар, Шығыс Қазақстан облысының түкпір – түкпірінен келген мұғалімдерден жоғары баға алды.
     Бұл іс-шараға Тарбағатай, Күршім, Шемонаиха, Катонқарағай, Зырян, Ұлан, Глубокое, Риддер және облыс орталығынан 139 химия, биология, математика, информатика, физика, география, тарих, қазақ тілі және дене шынықтыру пәндерінің оқытушылары өз пәндеріне қатысты ашық сабақтарға және шеберлік сыныптарға қатысты. Нәтижесінде, көптеген қатысушылардың берген кері байланысынан бұл іс-шара қызықты да пайдалы болғанын көруге болады. Оның ішінде катысушылар, оқыту әдіс тәсілдерін, «жарықты қосу», фактілер, пәнаралық байланыс, оқушылардың белсенділігін ерекше атап өтті. Ұстаздар, «құнды білім мен тәжірибе бергендеріңіз үшін үлкен рахмет», – деген сөздермен ризашылықтарын білдіріп жатты.
     Семинардың екінші бөлігінде облыс мұғалімдері оқытудың өзекті мәселелері бойынша 13 тренингке қатысты: физика химия және биология пәндері бойынша практикалық жұмыс жүргізген кезде PASCO құрылғын пайдалану, қалыптастырушы және жиынтық бағалау құралдарын жасау және экспертизадан өткізу, информатика сабақтарында CLIL стратегияларын пайдалану, мектеп тәжірибесінде критериалды бағалауды жүзеге асыру және веб-ресурстарды сабақтарда пайдалану. Жаңартылған білім мазмұнын табысты жүзеге асыруға қолдау ретінде облыс ұстазадары үшін қосымша әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірленіп, таратылды.
     Семинар жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында құрылған Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ішіндегі Әдістемелік орталығы және аймақтық “Шығыс” орталығының ұйымдастырылуымен өткізілді.
      Роза Кумаргажина, Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы