Мектеп туралы

Ұран

Өзімізді дамыту – Қазақстанның дамуына үлес қосу

Миссия

Мектеп қауымдастығының зияткерлік әлеуетін арттыру арқылы қазіргі қоғамның жаһандық мәселелеріне дайын болу

Пайымдау

Біздің түлектеріміз адамгершілік құндылықтары берік, өз елінің патриоты мен әлемнің белсенді азаматы болып табылады. Олар – сыни ойлай білетін, көптілді, өздігінен дамуға талпынатын жеке тұлға

Құндылықтар

• Патриотизм және азаматтық жауапкершілік
• Өзіне және өзгелерге құрмет
• Ынтымақтастық
• Ашықтық және академиялық шыншылдық
• Өмір бойы оқу
• Еңбек және шығармашылық

img

"Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек..."